Шегендеу тізбектері 10 глава


Екі тіректі құрылымдарда, өс диаметрі көп тіректілерге қарағанда біршама үлкен болуы керек. Көп тіректі бір өсті құрылымдарда өс диаметрі кіші болуы мүмкін, бірақ біртұтас, бөлінбеген өсте салмақты бірқалыпты үлестіруді қамтамасыз ету технологиялық түрде қиын. Үштіректі құрылым нұсқасы қарастырылған екеуіне қарағанда аралық болып табылады.

 

 

7.8 – сурет. Кронблоктардың конструктивті сұлбалары

а – бір өсті аралық тіректі; б – көп өсті; в – екі сыртқы тіреуі бар бір өсті; г – көп тіректі бір өсті; 1 – өс тіреуі; 2 – шкив; 3 – өс;

4,5 – өстің және шкивтердің мойынтіректері

 

Аралық тіректері жоқ бір өсті кронблоктар аз өлшеммен салмаққа ие. Олар роликті-мойынтіректердегі бес шкивті өс бекітілген, пісірілген болат негізде жинақталады. Шектік 1,4 МН жүктемеге есептелінген кронблок құрылымдық шешімі беріктілікті, қаттылықты және қолданудағы тиімділікті қамтамасыз етеді.

Бір өсті және екі тіректі кронблок пісірілген құрылымды екі ұзына бойына, екі көлденең қоставр аралықты негізде жиналады. Кронблок (7.9- сурет) мұнараның кронблоктық алаңқайына шеткі көлденең белдіктері арқылы тіреліп орналастырылады. Шеткі бойлай орналасқан қоставрлық белдіктерге шкивтер мен мойынтірек секциялары бекітілген тіреуіш тұрқы тіректері пісірілген. Секцияның құрамына шкивтердің әрқайсысы екі роликті мойынтіректерде жинақталған өстер кіреді. Бұрғылаудағы әр түрлі бөлшектерді көтеру үшін 0,03 МН-ға дейінгі жүктемені көтеретін көмекші блок негізгі белдіктердің төмеңгі сөресіндегі кронштейнге бекітілген. Айналмалы шкивтерді қорғайтындай және арқандардың секіруінен сақтайтындай етіліп, блок секциясы топсалы қаптамамен жабылады. Көп өсті кронблоктарды бірярусты (өстері бір деңгейде орналасады) және көпярусты (өстердің орналасу деңгейі әр түрлі) етіп жасайды.

 

7.9-сурет. Бір өсті бес шкивті кронблок

1 – шкивтер өсі; 2 – пресс-майлаушы; 3 – гайка; 4,12 – тіректер;

5 – өс; 6,7 – тіреуіш сақиналар; 9 – серіппелі сақина;10 – шкив;

11 – қап; 13 – тоқтатыш штифт; 14 – рама

 

Тәл блогы өстері мен мойынтіректерінде шкивтер жинақталған, құйып жасалынған немесе пісірілген болат элементтері бар, болат жиналмалы тұрқыдан тұрады. Тәл блогы мұнараның ішкі бөлігінде, бұрғылау свечалары магазиндерінің аралығында қозғалатындығына байланысты, мұнара элементтері арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, өлшемдері ыңғайлы, әсіресе ұзындығы шағын болуы керек.

Тәл блоктары екі түрлі болады: бірсекциялы (барлық шкивтар, бүйір беттерінде бекітілген бір өсте жинақталған) және екі секциялы (шкивтердің екі секциясы тұрқыда жеке жинақталған, ал өстер арасында свечаларды жіберуге арналған кеңістік орналасқан). Екі секциялы тәл блогы свечаларды автоматты көтеріп – түсіру жүйелерінде қолданылады.

7.10-суретте шектік жүктемесі 5,0 МН болатын алты шкивті тәл блогы көрсетілген. Бұрғылау ілмегін тәл блогының төмеңгі сырғасына немесе сырықтармен оның тұрқысына бекітеді. Тәл блогының жоғарғы траверсасының монтаж кезінде ілу үшін міндетті түрде саңылауы болуы керек. Тәл блогының жоғарғы және шеткі жағында арқандар өтуі үшін саңылаулар жасалынған.

КТО-ны механизациялауға арналған жүйелерде, екі секциялы тәл блоктары қолданылады, олардың секция аралықтарында свечаларға арналған бағыттаушы кеңістік орналасқан.

Тербелмелі мойынтіректерде орналасқан шкивтер жинақталынатын өс, тәл блогының және кронблоктың шкивтері үшін бірдей құрылымда орындалады.

Кронблок шкивтері секциясының тәл блогының секцияларынан айырмашылығы, тек өс ұшының құрылымында, оның бекітілуінде және шкивтер санында.

 

 

7.10-сурет. Алты шкивті тәл блогы

1 – сырға; 2 – аспа; 3 – тұрқы; 4 – қап; 5 – шкивтер өсі;

6 – роликті-мойынтірек; 7 – шкив; 8 – қақпақ

 

Кронблок және тәл блоктары бөлшектерінің өзара алмастырылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шкивтердің, мойынтіректердің секцияларын шығаратын зауыт, оларды бірдей қылып шығарады.

Бұл механизмдердің басты талаптары болып сенімділік және тәл блогының мұнарадағы қажетті шектік өлшемді кеңістікте еркін қозғалуы үшін аз өлшемділігі, сонымен қатар өс ұзындығының аздығына байланысты ию кернеуінің азаюы.

Әр шкив мойынтіректерде көрші шкивтердің айналу жиілігіне қарамсатан, еркін айналатындай етіліп орнатылуы керек. Тәл жүйесі әр түрлі қиын шарттарда жұмыс жасайтындықтан, жасалу дәлдігіне және материал сапасына жоғары талаптар қойылады. Диаметрі 1000мм шкивтердің бүйірлік және радиалды ауытқу соққылары сәйкесінше 1,0 және 0,5мм-ден аспауы керек.

Ойық профилінен өстің ауытқуы 1,5 мм, ал қабырғаның әртүрлі қалыңдығы 2 мм аспауы тиіс. Қабылдауды жүккөтергіш машиналар ережелерінің талаптарына сай орындау қажет.

Блок тұрқысы пісірілген көміртекті құрылымдық болаттан, шкивтері құрамы –40ГЛ, 50ГЛ, 30ХНЛ маркалы, құйылған легирленген болаттан, Rz = 25 мкм бұдырлығымен және НRC 30 – 40 қаттылығымен, ойықтары шынықтырылған, легирленген көміртекті болаттардан пісіріліп жасалынады. Өстер 40ХН және т.б. легирленген болат маркалырынан термиялық өңделіп, қорытылған болуы керек.

 

7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок

Бұрғылау ілмегі бұрғылау процесі кезінде бұрғылау тізбектерін іліп ұстап тұру үшін, бұрғылау құбырларын көтеріп-түсіру және шегендеуші тізбекті түсіруге арналған. Басқа технологиялық процесте, ұңғыны бұрғылау кезінде ол тағы да басқа төмендегідей функцияларды орындайды:

- штропта ілулі тұрған бұрғылау тізбегі айналатын, өстік бағытта жылжитын ұршықты ұстап тұрады;

- бұрғылау тізбегі ротормен айналу кезінде, ұршық тірегінде пайда болатын бұрау моментін қабылдайды;

- түсіру операциясынан соң, бұрғылауды бастар алдында шурфта орналасқан жетекші құбыры бар ұршық штропының автоматты ұсталуын қамтамасыз етеді;

- түсетін тізбектің ұңғыда кенеттен тоқтап қалуы кезінде, ұршық штропын ілмек ашасында сенімді ұстап тұрады;

- түсіру немесе көтеру процессінде шегендеу немесе бұрғылау тізбегі бар элеваторды штроптарда сенімді ұстап тұрады;

- свечаны босату және ұстап қалу процесінде ілмектің жеңіл бұрылуын және оларға амал жасалуын қамтамасыз етеді;

- тізбектегі бұраулы свечаны (оны көтеру операциясы кезінде) биіктікке автоматты түрде көтереді;

- мұнара дүкені саусағынан кезекті свечаны берілген қалыпта ұстап қалу үшін жүктелмеген элеваторды автоматты түрде орналастырады.

Бұрғылау тізбектерімен жұмыс жасау кезінде ілмек айрықша қиын функцияларды орындайды, және бұл оның құрылымын анықтайды. Бұрғылау ілмегі екі бөліктен тұрады, элеватор штроптарынан, ұршықты ұстап тұратын оның механизмдері орналасқан үш мүйізден. Ілмектің орталық мүйізі ұршық штроптарын ұстап тұру үшін, екі бүйірдегілері – элеватор штроптарын ұстап тұру үшін қызмет етеді. Ол бұрғылаудан түсіріп көтеру операцияларына ауысу кезінде ілмекке ұршықты тез кигізіп шешуге мүмкіндік береді, әрі қызмет атқарушының жұмысын жеңілдету үшін элеватор штроптары ілмекте ілініп қала береді. Ілмек тұрқысында берік мойынтірек, оқпан, серіппе, амортизатор және т.б қондырғылар орналасқан.

Мойынтірек КТО кезінде элеваторды немесе свечаны ұстап тұру, ілмектің бұрылуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Серіппе свеча муфтасының құлпынан ниппелді оның бұралып ағытылуы кезінде автоматты түрде алынуы үшін қажет. Ілмек жүрісі замок бұрандасының (130-дан 230 мм-ге дейін) ұзындығынан бірнеше рет үлкен болу керек, ал серіппенің серпімділік күші- свеча салмағынан көп (жазылған күйінде 13-тен 30 кН-ға дейін, сығылған күйінде- 25-тен 50 кН-ға дейін).

Гидравликалық амортизатор свечаның тез көтерілуі және бұрап алынғаннан кейінгі оның бұзылған бұрандасын шығарып тастау үшін қажет. Сонымен қатар ілмек жайғастырушымен жабдықталуы керек.

Бұрғылау ілмектерін шектік мүмкін жүктемесі және құрылымдық орындалуы бойынша үш және екімүйізді деп бөледі. Екімүйізді ілмектерді тек шегендеу тізбегін түсіруге қолданады; бұрғылау тізбегі үшін қолданыста сенімділігі үлкен, жеңіл және ыңғайлы үшмүйізді ілмектерді қолданады.

Бұрғылау ілмектерін құрылымдық екі түрлі етіп жасайды: ұстап тұрушы үшмүйізді бөлшектері оқпанымен мықты бекітілген немесе оқпаны ұстап тұрушы бөлікпен шарнирлі саусақша арқылы бекіген (7.10 сурет). Бұл құрылымның әр қайсысының өз кемшілігі мен артықшылықтары бар және осылардың біреуін таңдау өндірістегі технологиялық мүмкіндіктерге байланысты.

Ұстап тұрушы бөліктің шарнирлы бекітілуі оның оқпанын, ілмек тұрқын демонтаждамай-ақ ауыстыруға мүмкіндік береді, бірақ бұл артықшылықтар құрастыру кезінде жоғары сапаға жетуге мүмкіндік бермейді.

Оқпаны мен ұстап тұрушы бөлігі біртұтас ілмектердің өстік бағыттағы өлшемдері біршама аз, бұл оларды аласа мұнарларда қолдануға мүмкіндік береді.

Бірмүйізді ілмектер, жеңіл жүктемелік, штроп пен ілмектің салмағы ескерілмейтін мобильді бұрғылау қондырғыларында қолданылады.

Өндірілуіне қарай ілмектер: соғылмалы, тілімшелі құрамдалған және болаттан құйылған түрлерге бөлінеді. Шектік 1,2 – 1,4 МН жүктемеде болаттан құйылған бұрғылау ілмектері қолданылады, тілімшелі құрамдалған ілмектер үлкен жүктемелерге арналған.

7.11-суретте 1,4МН шектік жүктемеге арналған үшмүйізді жүк ұстаушы мүйізі бар, топсалы, аспалы, құйылған ілмектің құрылымы келтірілген.

Ілмекті тәл блогымен – сырға көмегімен топсамен, штроппен немесе топсалы аралық аспамен жалғаймыз.

Казіргі кезде шектік жүктемесі 3,2 МН дейінгі бұрғылау қондырғыларын ілмекті блоктармен, ал үлкен жүктемелерге арналғандарды – тәл блогымен топсалы байланысқан ілмектермен жабдықтайды.

 

 

7.11-сурет. Жайғастырушысы және гидроамортизаторы

бар құйылған ілмек:

1 – қармау; 2 – басты мүйіздің ысырмасы; 3 – оқпан; 4 – гайка;

5 – жайғастырушы; 6,9 –стопорлар; 7 – тұрқы; 8 – берік мойынтіректер; 10 – диск; 11 –қақпақша; 12 – гидроамортизатор поршені; 13, 16 – стакандар; 14, 15 – серіппелер; 15 – сырға;

18, 19 –өстер; 20 – тығын; 21 – қақпақ

 

Ілмекті блокты екі түрде жасайды: тәл блогымен топсалы немесе тәл блогымен ілмек арқылы және оның ұстап тұрушы бөлігі мықты байланысқан (7.12-сурет). Соңғы құрылымдық шешім – тәл блогының ілмекпен топсалы байланысына қарағанда биіктігі аз ілмекті алуға мүмкіндік береді.

Көтеру кешенінің маңызды элементі болып табылатын ілмек бөлшектерінің материалдарына жоғары талаптар қойылады, себебі олардың сынуы бұрғылау кезінде болса ауыр шиеленістер тудырады.

Ілмек және басқа жүктасымалдағыш бөлшектер орта көміртекті төменлегирленген болаттардан жасалынады.

 

7.12-сурет. Бұрғылау қондырғыларының тілімшелі

(а) және құйылған (б) ілмекблогы

Үшмүйізді ілмекті дайындау қиын болғандықтан, үшмүйізді ілмекті құю немесе құрамдау арқылы жасайды. Ілмектерді 30ХМЛ легирленген болаттан құю арқылы жасайды, оның механикалық көрсеткіштері: ағу шегі σт = 550 МПа, уақытша қарсыласуы, σв = 700 МПа, соққылық тұтқырлығы ан = 40 Дж/см2.

Штроптарды 30ХГСА (ГОСТ 4543–74) немесе 35ХНМ (ГОСТ 1050–74), ілмек тұрқын - 30Л, 35Л (ГОСТ 97–75) типтегі құйылған болат түрлерінен дайындайды.

Тілімшелі ілмектерде ортаңғы мүйіз тілімшесін 30 мм-ге дейінгі қалыңдықтағы легирленген құрылымдық болаттан жасайды, олардың механикалық қасиеттеріне тоқталсақ: ағу шегі σт ≥ 700 МПа, уақытша қарсыласу σв ≥ 900 МПа, соққылық тұтқырлығы ан ≥ 60Дж/см2, қаттылығы НВ 203–321. Тілімшелер өзара тойтармалар арқылы байланысады. Жастықшаны 35ХН (ГОСТ 4543–71) және т.б. болат түрлерін құю арқылы жасайды. Элеватор штроптарын ілуге арналған өстерді 38Х2Н2МА немес 40ХН (ГОСТ 4543–71) типті болаттардан жасайды.

8. БҰРҒЫЛАУ ШЫҒЫРЛАРЫ

8.1. Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы

 

Бұрғылау шығыры – бұрғылау қондырғысының көтеріп–түсіру кешенінің негізгі агрегаты. Ол негізінен тәл арқанының жетекші тармағының жүктелген және тежеу әрекеттері кезінде қолданылады. Шығыр бұрғылау тізбегін көтеру және түсіру, шегендеу тізбегін түсіру, жылжымайтын тізбекті ұстап тұру немесе ұңғыны бұрғылау немесе кеңейту үшін қашауға айналыс берілген кезде, бұрғылау тізбегін баяу түсіруге қажет. Шығырдың пневматикалық тұтқышымен катушкалы білігі, бұрғылау және шегендеу құбырлары бұрандаларын біріктіру кезінде, бұрап жалғау мен бұрап ағыту операциялары кезінде жиі қолданылады. Шығыр құбырларды және басқа да жүктемелерді көтеру-тасу, сонымен қатар бұрғылау мұнарасы мен мұнараға орнатылатын жабдықтарды құрастыруда қолданылады.

Шығырды орнатудың екі әдісі бар: бұрғылау еденінің үстіне немесе астына. Бұл әдістердің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Еден үстіне орнату кезінде шығыр түйіндеріне қызмет көрсету мен жөндеу оңай жүргізіледі. Катушкалы біліктің қол жетім жерде орналасуы, қосымша шығырдың қажеттілігін жояды. Шығырдан ротор жетегінің жүйесі құрылымдалады. Еден астына орнату кезінде құрастырылатын бөліктің орналастыру биіктігі едәуір төмендейді, монтаждау мен демонтаждаудың жұмыс көлемі азайып, бұрғылау қондырғысын құрылымдау мерзімі тездетіледі.

Бұғылау шығыры көтеруші біліктен, катушкалы, трансмиссиялық, тербеткіш біліктерден тұрады және олар пісірілген қатты металл қорапқа бекітілген. Барлық біліктер өзара шынжырлы беріліспен кинематикалық байланысқан. Шынжырлы беріліс оларға беріліс қорабынан айналу моментін беріп және біліктің айналу моментін қалыпқа келтіріп отырады. Шығырлар беріліс қорабымен және қозғалтқыштармен шынжырлы немесе карданды беріліспен кинематикалық байланысқан.

Бұрғылау тізбегі ұңғыдан үлкен қуат қолдану арқылы көтерілсе, ал ұңғыға түскен кезде өз салмағымен түседі. Сондықтан шығырлар жоғарғы қуаттағы жетекпен, тізбекті түсіру кезінде энергия шығынын азайту үшін сенімді тежегіш жүйесімен қамтылуы қажет. Қозғалтқыштар жетегінің жүктелудәрежесін жоғарлату үшін тізбекті көтеру жылдамдығын арттырады. Сондықтан жетектегі қуаттың коэффициентін жоғарлату үшін шығырлар жоғарғы жылдамдықты болуы қажет.

Жүктелмеген элеваторларды көтеру үшін шығырлар тәуелсіз жоғары жылдамдықты болуы керек. Кез келген жылдамдықтан жоғарғы «бос» жылдамдыққа өту тез, оңай және жатық өтуі керек, өйткені сол кезде көтеруші білік жетегі екі еселенген шынжырлы беріліске ие бола алады. Бұл берілістердің кезекпен қосылуы ыждағатты фрикционды муфта көмегімен орындалады. Ыждағатты фрикционды муфта бұрғышы пултімен басқарылады. Тұрақсыз массадағы тізбекті көтеру кезінде беріліс қорабындағы жылдамдық периодты түрде ауысып отырады. Көптеген шығырлардың шапшаңдықтарды реттеуі ыждағатты басқару жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

Шығыр барабанындағы тәл арқандары әр түрлі жылдамдықта ораладыжәне тарқатылады.Тәл арқанының жетекші тармағының жылдамдығы ілмек қозғалысының жылдамдығына және тәл жүйесінің тармақтарсанына байланысты. Ауыр салмақтағы тізбекті көтеру кезінде ілмек жылдамдығы 0,3-0,5 м/с, ал жүктелмеген элеваторды көтеру жылдамдығы 1,7-2 м/с. Бұдан жоғары көтеру жылдамдықтары шығыр барабанындағы арқанның оралу және жинақталу шарттарын тез бұзады және уақыттан ұтыс бермейді. Бұрғылау тізбегін түсірудің ең жоғарғы жылдамдығы 3 м/с, ал ең төменгі жылдамдығы – шегендеу тізбегін түсіру кезінде 0,2 м/с дейін болуы мүмкін.

Бұрғылау шығырларына тағайындалуына, пайдалану шарттары мен функцияларына байланысты келесі негізгі талаптар қойылады:

1. Шығырдың кинематикалық сұлбасы мен соған қатысты таңдалып алынған жетектің жылдамдығы, қуаттың тиімді қолданылуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдайда агрегаттың пайдалы әсер коэффициенті толығымен жоғарғы мәнде болуы керек.

2. Әр шығырдағы жүктелмеген элеваторды көтеру үшін білікті көтерудің тәуелсіз жылдамдығын қарастыру қажет.

3. Пайдалану кезінде тежегіш жүйесі сенімді болып, әр шығырда қосарланған тежегіш жүйесі орнатылуы қажет. Шығыр жылдамдығы ыждағатты фрикционды муфта көмегімен қосылғаны дұрыс.

4. Шығырдың кинематикалық сұлбасы қашау мен ротор механизмдеріне қозғалыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

5. Шығыр құрылымы шығырдың толық жөндеуге дейінгі немесе көшіругедейінгі үздіксіз жұмыс істеуін, шығырды монтаждау мен демонтаждау уақыты өте аз болуын қамтамасыз етуі керек. Шығырдың барлық берілістері берік қоршау қалқанменжабылуы тиіс.

6. Шығыр құрылымы бұрғылау кезінде оған кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.

Бұрғылау шығырлары келесi функцияларды орындайды:

– көтеріп түсірудегі тәл жүйесi арқанының жылжымалы тармағын барабанға орау;

– бұрғылау және шегендеу құбырлар тiзбегiн ұзартуда арқанның оралуын қамтамасыз ету;

– свеча аралық бұранданы бұрап шығару (арнайы кiлттер жоқ болғанда);

– әртүрлi жүктердi көтеріп-түсiру;

– монтаждау, демонтаждау кезінде мұнара мен оның қосалқы агрегаттарын көтеру.

Шығырлар бұрғылау кезінде роторға айналыс беру және бұрғылау тізбектеріне жүктеме беру үшін де қолданылады.

Бұрғылау тізбектерін көтеріп-түсіру қайталанып үздіксіз орындалады, барлық операциялар жүйелі түрде белгілі бір реттілікте қайталанады, ал шығыр жүктемесі циклдік сипатта болады. Ілмекті көтеру кезінде күш шығырға қозғалтқыштан келеді, ал түсіру кезінде керісінше тежегіш қондырғылар барлық пайда болған энергияны жылуға айналдыруы керек. Ілмекті көтеру кезіндегі күшті тиімді пайдалану үшін, шығырдың жетекші трансмиссиясы немесе оның жетегі жүктеменің мөлшеріне қарай көпжылдамдықты болуы қажет.

Шығыр тез арада жоғарғы жылдамдықтан, төменгі жылдамдыққа және кері ауысып, өте аз уақыт жұмсау арқылы осы амалдарды орындауы керек. Ұстап қалу және тізбектің созылуы болған кезде, көтеру кезіндегі тарту күші тез арады көтеріліп өзгереді. Әртүрлі салмақтағы тізбекті көтеру кезінде жылдамдықты ауыстыру бір қалыпты қайталанған түрде жүреді. Жүктелуіне, ілмек жылдамдығына, тәл жабдықталуындағы тармақтар санына байланысты, көтеріп түсіру кезінде шығыр барабанына арқанды орау әртүрлі жылдамдықтарда жүзеге асады. Арқанды барабанға орау жылдамдығы көтеру кезінде үлкен салмақтағы тізбекте 3 – 5 м/с шамасында, ал жүктелмеген элеваторды көтеру кезінде 12 – 20 м/с шамасында болады. Бұдан үлкен жылдамдықтар арқынның барабанға оралу шарттарын нашарлатып, көтеру кезінде уақыттан ұтылуға әкеледі. Бұрғылау тізбектерін түсіру кезінде арқанды тарқату жылдамдығы 30 м/с аспауы керек.

Тізбекті көтеру процесінде арқанның шығыр барабанына оралуы, тізбек салмағының әсерінен пайда болған керілумен, ал тарқатуы кезіндегі жүктелмеген элеваторды түсіруі аз жүктеме арқылы жүзеге асады. Тізбекті түсіру процесінде, арқан аз шамамен керіліп және үлкен жылдамдықпен тарқатылып, ал жүктелмеген элеваторды көтеру кезіндегі үлкен жылдамдықпен барабанға оралады, ал барлық тізбектің салмағының әсерінен пайда болған жүктемеден арқанның созылуы жүзеге асады. Соған орай арқанның жылжымалы тармағының барабанға белгілі тәртіппен тығыз қатар оралуын қамтамасыз етпеген жағдайда, оның астыңғы аралары тығыз емес оралған қабатқа сыналап кіріп кетуін болдырмау керек.

Жоғарыда аталған функцияларды орындау үшін, бұрғылау шығыры құрамы келесі бөлшектермен және қондырғылармен жабдықталынуы керек:

- шығырдың барлық механизмдері жинақталынатын, тұғырлы жақтаумен;

- тәл арқанының оралуына арналған барабанмен;

- қозғалысты бәсеңдету және ілмекті кез-келген жерде тоқтатуға арналған механикалық таспалы тежегішпен (негізінде - тоқтатқыш), (бұрғылау кезінде шығыр құрылымында тізбекті тежеп түсіруді реттейтін арнайы қондырғы болмаған жағдайда бұл функциялар таспалы тежегіштің көмегімен іске асады).

- бәсеңдету (көмекші) тежегішімен, (ол тізбекті түсіру кезіндегі жылдамдықты бәсеңдетеді және осы жағдайда бөлінетін энергия бөлігінің сейілуін реттейді);

- шығыр барабанының жоғарғы және төменгі айналу жиілігін қосатын үйкелісті муфталармен («баяу» және «лездік» деп аталады);

- көтеру кезінде күштік берілісті және шығыр барабанының айналуын жүзеге асыратын трансмиссиямен;

- көмекші жұмыстарды (жүктерді көтеру, құбырларды бұрап ағыту мен бұрап бегіту) орындайтын катушкалармен жабдықталған катушкалы білікпен;



Дата добавления: 2020-10-25; просмотров: 260;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.027 сек.