Параметрлік датчиктер


1. Реостатты. Бұл датчиктің негізгі элементі меншікті кедергісі үлкен өткізгіштен жасалған реостат. Өлшенетін шаманың әсерінен реостат тиегін жылжып, оның активті кедергісін өзгереді. Мұндай датчиктермен орын ауыстыруды, қысымды, сонымен қатар орын ауыстыруға түрлендірілетін шамаларды өлшеуге болады.

2.Сиымдылықты. Бұл датчиктің негізгі элементі - конденсатор. Өлшенетін шаманың әсерінен конденсатор астарларының ара қашықтығы мен диэлектрлік өтімділігі өзгереді, ол конденсатордың сиымдылығы мен сиымдылық кедергінің өзгеруіне алып келеді. Сиымдылықты датчиктер өте аз орын ауыстыруды, қалыңдықты, сұйық деңгейін, ауа ылғалдығын және зат құрамын өлшеуде қолданылады.

3.Тензометрлі. Датчиктің бұл түрі сыртқы әсер нәтижесінде өткізгіш кедергісінің өзгеруіне негізделген, яғни . Оның негізгі элементі -салыстырмалы тензосезімталдығы жоғары материал. Мұндай датчиктер деформацияны, механикалық кернеуді, күшті, күш моментін, қан тамыры қысымын өлшеуде, сондай-ақ пневмограмманы жазуда қолданады.

4. Индуктивті. Датчиктің бұл түрі катушка индуктивтілігінің катушка өзекшесінің орналасуына байланысты өзгеретіндігіне негізделген. Өзекшеге әсер ететін күш катушка индуктивтілігін, ягни тізбектің толық кедергісін өзгертеді, яғни . Датчик ортасындағы өзекшесі F күш әсерінен жылжыйтын катушкадан тұрады (1- сурет). Мұндай датчиктер орын ауыстыруды, қысымды, күш моментін т.б. физикалық факторларды тіркейді, сондықтан мұндай датчиктер ортопедияда, хирургияда т.б. салаларда қолданылатын материалдардың серпімділік қасиетін зерттеуде қолданылады.

5. Терморезисторлы. Датчиктің бұл түрі жартылай өткізгіш кедергісінің температураға байланысты өзгеретіндігіне негізделген. Мұндай датчиктер медициналық термометрлерде қолданылады.

6. Фоторезистор. Датчиктің бұл түрі жартылай өткізгіш кедергісінің жарық ағынына байланысты өзгеретіндігіне негізделген. Мұндай датчиктер перифериялық қан тамырлардағы оксигемоглобинді анықтауда, ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуін тексеруде қолданылады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Медициналық датчик деп... қондырғыны айтады.

A. тірі ұлпадағы электрлік құблыстарды бақылайтын

B. электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электр сигналына айналдыратын

C. электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде сигналға айналдыратын

D. сыртқы энергия көзі есебінен электрлік сигналды күшейтетін

E. тірі клетка биопотенциалын өлшеуге арналған

2. Генераторлы датчиктер...... деген түрлерге бөлінеді

A. сиымдылықты, тензометрлі, терморезисторлы

B. сиымдылықты, тензометрлі, пьезоэлектрлік,

C. пьезоэлектрлік, оптикалық, термоэлектрлік

D. оптикалық, термоэлектрлік, терморезисторлы

E. дұрыс жауап жоқ, барлығы араласып кеткен.

3. Параметрлі датчиктер...... деген түрлерге бөлінеді

А. сиымдылықты, тензометрлі, терморезисторлы

В. пьезоэлектрлік, оптикалық, термоэлектрлік деген түрлеге

С. сиымдылықты, тензометрлі, реостаты деген түрлерге,

D. оптикалық, термоэлектрлік, терморезисторлы

E. дұрыс жауап жоқ, барлығы араласып кеткен.

4. Датчик деп...

А. электрлік шамаларды пропорционалды түрде электрлік емес сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Мұндай шамаларға...

В. электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Мұндай шамаларға...

С. түрлі шамаларды пропорционалды түрде сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Мұндай шамаларға...

1. адам ағзасындағы қан жылдамдығы, температурасы,қысымы жатады.

2. адам ағзасындағы температурасы,пульсы және қан құрамы жатады.

3. адам ағзасындағы қан қысымы, температурасы,пульсы жатады.

5. Датчиктің шығыс сигналының...

А. сигнал түріне функционалды тәуелділігін Y=f(X)...

В. кіріс сигналы түріне функционалды тәуелділігін Y=f(X)...

С. кіріс сигналына функционалды тәуелділігін Y=f(X)...

1. датчиктердің сипаттамалары деп, ал S=dХdҮ өрнегімен анықталынатын шаманы...

2. датчиктердің сипаттамалары деп, ал S=dYdX өрнегімен анықталынатын шаманы...

3.датчиктердің сипаттамалары деп, ал S=dY×dX өрнегімен анықталынатын шаманы...

I. датчиктің төзімділігі деп атайды.

II. датчиктің сезгіштігі деп атайды.

III. датчиктің сезгіштік шекарасы деп атайды.

6. Датчиктің сезгіштік шекарасы деп датчиктің...

А. өлшей алатын....

В. сезе алатын....

С. тіркей алатын....

1. шығыс сигналының ең аз өзгерісін атайды.

2. кіріс сигналының ең көп өзгерісін атайды.

3. шығыс сигналының ең көп өзгерісін атайды.

7. . Термоэлектрлік датчиктің жүмыс істеу принципі...

a) бір текті екі металл өткізгіштің контактысының температурасы әр түрлі болуы себепті тізбекте термо э.қ.к. пайда болуына негізделген.

b) өлшенетін шаманың әсерінен контурда пайда болатын индукциялы э.қ,к. пайда болуына негізделген.

c) әр текті екі металл өткізгіштің контактысының температурасы әр түрлі болуы себепті тізбекте термо э.қ.к. пайда болуына негізделген.

d) фотоэффект құбылысына негізделген.

е) бір текті екі металл өткізгіштің контактысының температурасының бірдей болуы себепті тізбекте э.қ.к. пайда болуына негізделген.

8.Пьезоэлектрлік датчик...

А. өлшенетін шаманың әсерінен дене беттерінде екі түрлі электрлік зарядтардың пайда болуына негізделген. Мұндай датчиктер...

В. өлшенетін шаманың әсерінен пьезокристалды деформациялау кезінде оның беттерінде екі түрлі электрлік зарядтардың пайда болуына негізделген. Мұндай датчиктер...

С. өлшенетін шаманың әсерінен пьезокристалды деформациялау кезінде оның беттерінде электрлік зарядтардың пайда болуына негізделген. Мұндай датчиктер...

1. артериялық және веналық қан қысымын, температураны өлшеуде, фонокардиограмманы жазуда пайдаланады.

2. артериялық және веналық қан қысымын, пульсті өлшеуде, кардиограмманы жазуда пайдаланады.

3. артериялық және веналық қан қысымын, пульсті өлшеуде, фонокардиограмманы жазуда пайдаланады.

9. Параметрлі датчик деп ... түрін айтады.

а) кіріс сигналын үлғайтқанда шығыс сигналын азаятын

b) кіріс сигналының өзгерісі шығыс сигналының өзгерісіне тәуелсіз болатын

c) кіріс сигнал шамасын өзгерткенде, оның бір электрлік параметрі өзгеретін

d) кіріс сигнал әсерінен онда ЭҚК және ток өндірлетін

e) кіріс сигнал өзгергенде шығыс сигналы өзгермейтін

10. Генераторлық датчиктер деп

a) кіріс шамасының әсерінен электрлік параметрлерінің біреуі өзгеретін датчиктерді айтады.

b) шығыс шамасының әсерінен электрлік параметрлері өзгермейтін датчиктерді айтады.

c) шығыс шамасының әсерінен электрлік параметрлерінің біреуі өзгеретін датчиктерді айтады.

d) шығыс шамасының әсерінен электромагниттік параметрлерінің біреуі өзгеретін датчиктерді айтады.

e) кіріс шамасының әсерінен ЭҚК пайда болатын датчиктерді айтады.

11. Датчиктің сезімталдығы деп..... өрнегімен анықталынатын шаманы атаймыз

А. S=dY×dX;

B. S=YX;

C. S= dXdY;

D. S=dY2dX

E. S=dY/dX ;

 

ТЕСТ ЖАСАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ: САТЫЛЫ ТЕСТ

Қазақстан Республикасында студенттер мен оқушылардың білім деңгейін, оны меңгеруін т.б. көрсеткіштерді тест тапсырмалары арқылы анықтау кең тарған педагогикалық әдіс. Тест жүйесін білім беру процесіне ендіру күрделі педагогикалық проблемалар қатарына жатады. В.С.Аванесов өзінің «Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме» атты еңбегінде тест тапсырмаларын дайындауды үлкен шығармашылық өнерге балайды және тест тапсырмаларын 5 түрде дайындаудың технологиясын ұсынған [1].

Қазіргі кезеңде осы ұсынылған әдістердің ішінен білім беру саласында ең көп қолданылатыны «5 жауапты тапсырма» немесе «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша дайындалатын тест болып отыр, мұндай тест тапсырмалары ЖОО, орта мектептерде, Ұлттық Біріңғай Тест орталығында(ҰБТ) т.б. кеңінен қолданылуда. Менің ойымша, мұндай әдіспен дайындалған тест тапсырмалары студенттердің, орта мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтай алмайды, олар көпшіліктің ішінен білім деңгейі алдын ала белгіленген межеге сәйкес келетін студентерді, оқушыларды таңдайды, яғни студенттің немесе оқушының шын білім деңгейі анықталмайды.

Жалпы тесті қолдану арқылы біз студенттің (оқушының)белгілі тақырыпты, тарауды немесе пәнді:

· жүйелітүрде,толықмеңгеру дәрежесін,

· тапсырмаларды орындауы барысындағы студенттің(оқушының)логикалық ойлау қаблетін,

· оны іске асырудағы іс әрекетін,

· меңгерген теориялықбілімі менпрактикалық дағдыларын және әдістерінпайдала алуын бағалаймыз.

Әзірше «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша дайындалған тест тапсырмалары арқылы мұндай көрсеткіштерді жүйелі түрде анықтау мүмкін болмай отыр. Біздің зерттеулеріміз аталған кемшіліктердің пайда болуының ең басты себебі ретінде тесті дайындау технологиясы екендігін анықтады, яғни аталған кемшіліктерден арылу үшін тест тапсырмаларын дайындауды өзгертіп жаңа технологиялық іс әрекеттерге көшу қажет.

Тест қабылдау кезінде кездесетін кейбір кемшіліктердің пайда болу механизмін қарастырайық және оларды жою жолдарын көрсетейік. Жоғары оқу орыны немесе орта мектепоқытушысының студенттің немесе мектеп оқушысының білімін ауызша бағалауын қарастырайық. Студенттің немесе оқушының берілген тапсырманы немесе тақырыпты меңгергенін анықтау үшін оқытушы оған белгілі жүйемен сұрақтар қояды. Мысалы, тақырыпта қаралатын құбылыстың теориялықнегізін, одан туындайтын заңдылықтар мен оны сипаттайтын өрнектерді және оларды қолдануды, т.б. Осы мәліметтерге толығымен жауап алынған соң ғана оқытушы студенттің берген жауабына сәйкес білімін бағалайды.

Ал тест қабылдауда білімнің осындай жүйелілік принципі сақталмай отыр. Оның бірнеше себептері бар:

· тақырып бойынша белгілі бір жүйемен құрастырылған тест сұрақтары жеке-жеке варианттарға бөлінеді, ал компьютер ол тапсырмаларды араластырып, тест тапсыратын студентке(оқушыға) оның бір немесе бірнеше сұрағын ғана ұсынады, студенттің(оқушының) берген жауабы толық болмағандықтан оның тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтай алмаймыз.

· қазіргі тест дайындау технологиясы берілген жауаптың жүйелілігін қамтамасыз ете алмайды.

Осы кезге дейін тест қабылдауда шешімін таппай келе жатқан тағы бір күрделі мәселе студенттің тест тапсырмасын орындауда қолданған теориялық мәліметтерін мен практикалық іс әрекетін арасындағы байланыстың бар жоқтығын немесе оны қолдану деңгейін анықтау, яғни студенттің(оқушының) берілген тапсырманы орындаудағы логикалық ойлау қаблетін тест тапсырмалары арқылы анықтаудың мүмкін болмай отырғандығы. Мысалы, талапкер тест тапсырмасында берілген есептің жауабын дәл анықтады делік, осы шаманы анықтауда ол қандай теориялық мәліметтерге немесе заңдылықтарға сүйенді және қандай практикалық іс әрекет жасады, қазіргі қолданыстағы тест тапсырмалары арқылы оны бақылау немесе анықтау мүмкін емес.

Тест тапсырмаларының жауабын кездейсоқ дәл анықтаудың мүмкіндігі жоғары, ол 20 пайызға тең. Бұл 100 сұрақтың 20-нің жауабын кездейсоқ дәл анықтай алауы мүмкін деген сөз.

Тест тапсырмаларын дайындауда кездесетін күрделі проблемалардың бірі ретінде гуманитарлық пәндер (философия, социология, тарих, т.б.) бойынша тест сұрақтарын құрудың қиындығын атауға болады. Бұл пәндердің сұрақтарына жауаптарды бір сөз немесе қысқаша сөйлем түрінде тұжырымдау қиын. Соның әсерінен тақырыптағы негізгі ой бір тест сұрағына симайды, оны бөлшектеуге тура келеді, соның әсерінен бір теориялық тұжырым бірнеше тест түрінде дайындалады, өз кезегінде бұл тапсырмаларды компьютер жеке–жеке тараптып жібереді, нәтижесінде студент жауабы толық болмай, оның аталған теориялық тұжырымды қаншалықты меңгергенін эпизодтық жауаптар арқылы анықтау қиындық келтіреді.

Тест жасаудың біз ұсынып отырған жаңа әдісі бұл проблемаларды жеңіл шешуге, сол арқылы қойылатын сұрақтарды және оған берілетін жауаптарды жүйелі түрде ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.

Ұсынып отырылған жаңа әдіс - сатылы тест деп аталынады. Ол оқытушының студенттен(оқушыдан) сабақ сұрағаны тәріздес, тест сұрақтары бір бірімен тығыз байланысқан сатылар (блоктар) түрінде ұсынылады, соған сәйкес жауаптары да сатылы болып келеді және бір тест тапсырмасына (сұрағына) бір тақырыпты толығымен сиғызуға мүмкіндік береді. Осылайша студенттің(оқушының) тақырыпты толық меңгергенін анықтауға қол жеткіземіз.

Тест сұрағының бірінші сатысындағы жауаптары (дұрысы да, қатесі де) осы тақырыппен байланысқан, қарастырылып отырған құбылысты талдауды одан ары жалғастыратын келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауаптары (дұрысы да, қатесе де) екінші сатыда орналасады, ол өз кезегінде тақырыптағы құбылысты нақтылайтын келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауабы келесі сатыда орналасады, ол да сұрақпен аяқталады, осылайша сатылап «жауап – сұрақ» түрінде тақырып толығымен қамтылады [2].

Студент әр сатыдағы дұрыс жауаптарды бір біріне тіркей отырып қойылған сұрақты толық қанағаттандыратын жауапты құрастырады. Тестің дұрыс жауабы тек жалғыз ғана болады және оны дәл анықтау тақырыпты толығымен меңгерген студенттің ғана қолынан келеді. Мұндай тесте алдын ала дайын жауап шаблоны берілмейді, студент тест тапсырмасына жауапты өзі құрастырады.

Сонымен қатар бұл әдіс, тест сұрағының күрделілігіне (қиындығына) байланысты оны сан түрінде сипаттайтауға мүмкіндік береді. Ол сатылар (блоктар) санына тікелей байланысты болады, саты саны көбейген сайын дұрыс жауапты құру да қиындай береді. Тест қиындығы «n» деген шамаман сипатталады. Егер n=1 болса, онда тест жауабы бірақ сатыдан түратын жауаптардан құралады, оған дәстүрлі «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша құрылған тест жатады, егер n=3 болса, онда тест жауабы 3 сатыдан түратын жауаптардан құралады.

Көп сатылы тестің негізгі артықшылықтары:

· тақырыпты толық меңгерген студент қана тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.

· бүкіл тақырыпты бір тест тапсырмасына сиғызуға болады,

· тест нәтижесі арқылы студенттің тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтауға болады,

· тест тапсырмасын орындаудағы студенттің іс әрекетін, логикалық ойлау қабілетін бақылауға мүмкіндік береді,

· тест сұрақтарын дайындауға «көнбейтін» қиын пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындауды жеңілдетеді,

· студент тест жауабын өзі құрастырады

· тест тапсырмасының жауабын кездейсоқ анықтау көрсеткіші өте төмен.

Тест жасаудың осыған ұқсас түрлері де кездеседі, оған атақты тестолог В.С.Аванесовтың тізбекті тест жасау әдісін келтіруге болады, бірақ мұндай тест тізбектері бір бірімен қатаң байланыспаған, соның әсерінен тізбектегі бір-екі сұрақтарға қате берілген жауапқа қарамастан қортынды баға оң нәтижелі болуы мүмкін [3,103-108 с].

Тест жасаудың жаңа сатылы әдісінің қазіргі кезеңде кең таралған « 5 жауаптың бірін таңда» әдісінен артықшылығын көрсету үшін бір тақырып бойынша тест тапсырмаларын екі әдісті қатар пайдаланып құрастырайық. Мысал ретінде ойдан құрастырылған тақырыптың мынандай бір фрагментін алайық және студенттің немесе оқушының берілген тақырыпты меңгеру көрсеткіші ретінде мәтінде асты сызылған мәліметтерді білсе жеткілікті деп санайық.

 

ҚР бас қаласы - Астана

........... Қазақстанның алғашқы астанасы Орынбор қаласы болғаны тарихтан белгілі. Кейін астана Қызылорда қаласына, онан соң Алматығы көшірілді……………….....................................................

Қазір Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана. Географиялық орналасуы бойынша ол Орталық Қазақстанға сәйкес келеді. ……………………………………………...............................................

Қазір қала халқының саны 850 мыңнан асты…………………..........

Астанада ҚР Президентінің резиденциясы - Ақ Орда, ҚР Үкіметі, Сенаты мен Парламенті, министрліктер орналасқан................

1. ҚР бас қаласы........................

А. Алматы,

Б. Қызылорда,

В. Астана,

Г. Орынбор,

Д. Ташкент

2. Астана географиялық орналасуы бойынша...........

А. Орталық Қазақстанға сәйкес келеді,

Б. Солтүстік Қазақстанға сәйкес келеді,

В. Батыс Қазақстанға сәйкес келеді,

Г. Шығыс Қазақстанға сәйкес келеді,

Д. Оңтүстік Қазақстанға сәйкес келеді

3. Астана халқының саны.............

А. 500 мыңнан кем,

Б. 450 мың,

В. 800 мыңнан асты,

Г. 650 мыңнан асады,

Д. 1 млн жақындады,

4. Астанада ...............................

А. ҚР Үкіметі, Сенат және Парламенті орналасқан,

Б. ҚР Президентінің резиденциясы-Ақ Орда, ҚР Үкіметі, Сенат,

Парламент, министрліктер орналасқан

В. ҚР Президентінің резиденциясы Ақ-Орда мен Сенат орналасқан,

Г. Сенат, Парламент және министрліктер орналасқан

Д. ҚР Президентінің резиденциясы, Парламент, министрліктер орналасқан

 

Мұндай тестің жауабы бір сатыдан ізделеді, сондықтан оның қиындығы n=1 тең. Тақырып бір болғанымен әр сұрақ жауаптары жеке дара, бір-бірімен тығыз байланыспаған. Осы сұрақтарды студенттерге(оқушыларға) тест таспырмалары түрінде таратуда компьютер оларды әр вариантқа бөліп жібереді де, студенттің(оқушының) вариантына түскен жалғыз сұраққа берген жауабы бойынша оның бүкіл тақырыпты қаншалықты толық меңгергенін анықтай алмаймыз.

Енді осы берілген тақырыпты пайдаланып, жаңа технологиямен қиындығы n=4 тең болатын тест тапсырмасын құрастырайық.

ҚР бас қаласы............................

А.Ташкент, географиялық орналасуы бойынша........

B. Алматы, географиялық орналасуы бойынша........

1 саты C. Қызылорда, географиялық орналасуы бойынша........

D. Орынбор, географиялық орналасуы бойынша........

E.Астана, географиялық орналасуы бойынша........

 

1. Солтүстік Қазақстанға сәйкес келеді, қала халқың саны.......

2. Орталық Қазақстанғасәйкес келеді, қала халқының саны..

2 саты . 3. Шығыс Қазақстанға сәйкес келеді, қала халқының саны...

4. Батыс Қазақстанға сәйкес келеді, қала халқының саны......

5.Оңтүстік Қазақстанға сәйкес келеді, қала халқының саны......

a. 450 мыңнан асты, Астанада ................................. b. 800 мыңнан асты, Астанада................................. 3 саты g. 650 мыңнан асты, Астанада................................. j. 500 мыңнан кем, Астанада................................. k. 1 млн жақындады, Астанада.................................   L. ҚР Президент резиденциясы Ақ-Орда, ҚР Үкімет, Сенат, Парламент, министрліктер орналасқан. K. ҚР Үкіметі, Сенат, Парламент, Ұлттық банк орналасқан. 4 4саты M. ҚР Президентінің резиденциясы Ақ-Орда мен Сенат орналасқан. N. Сенат, Парламент, министрліктер орналасқан. C.ҚР Президентінің резиденциясы, министрліктер орналасқан.    

 


 

 

 

 

Тест тапсырмасының толық жауабы: E, 2, g,L ( дұрыс жауапаттар курсивпен көрсетілген).Бұл жауап қалайша құралды ? Жоғарыда айтылған тәртіпке сәйкес берілген тест сұрағының бірінші сатыдағы дұрыс жауабы «Е»болсын, ал осы жауаптың жалғасы түрінде берілген сұрақтың дұрыс жауабын екінші сатыдан іздейміз, ондағы жауаптардың арасынан «Е»жауапты толықтыратын тек «жауап, осындай әдіспен үшінші сатыдан – g,төртінші сатыдан- L жауаптарды анықтаймыз. Осылайша тапсырманың толық жауабы анықталады.

Жауаптардың мұнан басқа варианттарының барлығы қате немесе толық болмау себепті саналмайды. Берілген жауаптар белгілі жүйе бойынша құралғандықтан студенттің берілген тақырыпты толық меңгергенін байқауға болады және жауаптың өте көп вариантының болуы оның кездейсоқ анықталмағанына кепіл.

Тест жасаудың дәстүрлі әдістері арқылы студенттің берілген есепті шығару әдісін немесе практикалық тапсырмаларды орындаудағы қолданған іс әркетін бақылау мүмкін болмайтын, ал жаңа әдіс бізге ондай мүмкіндік береді. Осы айтылған ойды тест жасауда қалай қолдануға болатындығын көрсетейік.

Тест сұрағы төменде берілген есеп түрінде болсын делік: Үдемелі қозғалыстағы дененің жылдамдығы 10 с. ішінде 50 м/с артқан, ол қандай үдеумен қозғалған ?

Есеп шартына сәйкес, тест жасаудың сатылы әдісімен құрылған тест тапсырмасы мына түрде беріледі.

Дене қозғалысының үдеуі

А. 500 м/с2 тең, оны...........

Б. 5 м/с2 тең, оны...........

1 саты В. 250 м/с2 тең, оны...........

Г. –5 м/с2 тең, оны...........

Д. 0.5 м/с2 тең, оны...........

1. Dv/ t өрнегімен анықтаймыз.Бұл физикалық шама...

2. D v/ t өрнегімен анықтаймыз. Бұл физикалық шама....

2 саты 3. - Dv/ t өрнегімен анықтаймыз. Бұл физикалық шама....

4. Dv2 / t өрнегімен анықтаймыз. Бұл физикалық шама....

5. v/ t2 өрнегімен анықтаймыз. Бұл физикалық шама....

a. бұрыштық үдеу деп аталады.

b. үдеу деп аталады.

3 саты g. импульс деп аталады

j. қозғалыс мөлшері деп аталады

k. нормаль үдеу деп аталады

Дұрыс жауабы: Б, 1 және b. Тапсырма үш сатылы, студент тек үдеудің сан мәнін ғана анықтап қойған жоқ, сонымен қатар ол үдеуді қандай физикалық өрнекпен анықтағанын және оның қандай физикалық шама екендігін де көрсетті. Осы іс әрекет арқылы студенттің теориялық мәліметті саналы түрде практикада қолдана алатындығына көз жеткіземіз.

Берілген мысалда жауаптар вариантарының өте көп болуы себепті, оның дәл жауабын кездейсоқ анықтау ықтималдығы өте аз.

Біздің ойымызша тест тапсырмалары 2 сатылы болғаны дұрыс, ал 3-4 сатылы тестке жауап беру күрделі болатынын ескеріп, оларды элитарлы оқу орындарына түсетін талапкерлерге, сонымен қатар магистранттарды, мемлекеттік қызметкерлерді іріктеуде қолданған жөн.

Тест қиындығына байланысты әр дұрыс жауап құны әр түрлі болуын қарастырған жөн. Мысалы, дәстүрлі «5 жауаптың 1 дұрыс» (n =1) тестің әр дұрыс жауабы үшін 0,5 бал деп есептелсе, онда жаңа әдіспен сатылы түрде құрастырылған, қиындығы n =2 тең тестің әр дұрыс жауабы 1,0 балл болсын, ал n =4 болса онда әр дұрыс жауап үшін талапкерге 2,0 балл берген жөн сияқты.

ӘДЕБИЕТТЕР



Дата добавления: 2020-11-18; просмотров: 756;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.053 сек.