Балласты реостат дегеніміз не?


2. Пісіру тоғының модуляторлары неге арналған?

3. Посталық реттегіштердің балласты реостаттарға қарағанда қандай артықшылықтары бар?

 

11‑Дәріс.Механикаландырылған доғалы пісіруге арналған жабдықтар

Доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтардың жіктелуі

Мемлекеттік стандартқа МЕСТ 18130—79*Е «Полуавтоматы для дуговой сварки плавящимся электродом. Общие технические условия» (9‑кесте) сай барлық қазіргі жартылай автоматтар келесі белгілерімен жіктеледі:

¾ доға аумағын қорғау әдісімен (пісіруге арналған жартылай автоматтар: Ф — флюс астында, Г —қорғаушы газдарда, И — инертті газдарда, У — белсенді және инертті газдарда, О — ашық доғада);

¾ жанарғыны салқындату әдісімен ( табиғи түрде, еріксіз сумен немесе газбен салқындатумен);

¾ электрод сымының түрімен (тұтас болатты сыммен, тұтас алюминді сыммен және ұнтақты болат сымдармен пісіруге арналған);

¾ электрод сымын беру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу, сатылы және құрама реттеулермен);

¾ электрод сымын беру әдісімен (итеріп, тартып және тартып‑итеріп берумен);

¾ құрылғылық орындалуымен (тұрақты немесе тасылмалы беру қондырғысымен).

 

9–кесте. Балқитын электродпен қорғаушы газдарда доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтар

Номиналды пісіру тоғы, А Орындалуы Электрод сымының түрі Сым диаметрі, мм Сым беру жылдамдығы, 1·10-2 м/с
Г, И, У Алюминді тұтас 1,2—2 2,2-8,9
Болатты тұтас 0,8—1,2 3,3—20
Г, И, У Тұтас алюминді 1,6—2 2,2—12,2
Тұтас болатты 1—1,4 1,2—1,6 3,3—26,7 3,3—26,7
Г, О Ұнтақты болатты 1—3 2,8—16,7
Ф Тұтас болатты 1,6—2 3,3—20
Г 1,2-2 3,3-20
Ф Тұтас болатты 1,6-2 3,3—20
F 1,2—2 3,3—20
Г, О Ұнтақты болатты 2—3 2,8—16,7

 

 

28 –Сурет. Жартылай автомат ПДГ-121

 

Жартылай автоматтардың (28‑сурет) бұл тобында доға аумағын және пісіру ваннасын белсенді немесе инертті газдармен, сондай‑ақ газды қоспалармен қорғайды.

Бұл топ жабдықтарының негізгі элементтері:

¾ пісіру жанарғысы;

¾ электрод сымын беру механизмі;

¾ газ аппаратуралары;

¾ газ- және электр жабдықтары;

¾ нәрлендіру көздері.

Газ жабдықтарының жиынтығына кіретіндер:

¾ баллондар;

¾ бәсеңдеткіштер;

¾ құрғатқыштар, қыздырғыштар;

¾ шығын өлшегіштер;

¾ газ клапандары.

Қорғаушы газдарда пісіруге арналған жартылай автоматтардың артықшылықтары:

¾ жұмыста сенімділігі;

¾ баптау қарапайымдылығы;

¾ кез‑келген кеңістік қалпында жұмыс істеуге бейімделгендігі;

¾ доғаны бақылау мүмкіншілігі;

¾ салыстырмалы түрде құнының төмендігі.

Балқитын электродтармен қорғаушы газдарда импульсті доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтарда, мәні тұрақты доға тоғына мезгіл‑мезгіл, жиілігі бірнеше ондаған Герц жиілігімен, жұмыс доғасы тоғының қысқа мерзімді импульсі қосылады. Осының салдарынан электрод металының балқитын кеңістік аумағына өту жағдайы жақсарады және пісіру жігінің сапасы жоғарылайды.

Флюс астында пісіруге арналған жартылай автоматтар

Бұл жартылай автоматтар тобында доға аумағы мен пісіру ваннасы флюс көмегімен қорғалады.

Пісіру аумағына флюс жанарғыда бекітілген шағын шанақтан немесе жеке орналасқан шанақтан, қысылған ауамен, резеңке түтік арқылы беріледі (29‑сурет).

 

 

1 —бастиек; 2 — шанақ; 3 — кері конус; 4 — қақпақша;

5 — жанарғы қолсабы; 6 — резеңке ұзартқыш; 7 — қыспа;

8 —кіріс штуцері; 9 —кесік сухарь; 10 —жанарғы мүштігі;

11 —оқшаулаушы төлке; 12 — ұштық бұрама; 13 —тірек

29 –сурет. ПШ‑54 автоматына арналған ДШ‑54 әмбебап пісіру бастиегі

 

Флюс астында жартылай автоматты пісірудің ерекшелігі тоқтың жоғары тығыздығында диаметрі 1,6‑2 мм электрод сымын пайдалану мүмкіншілігі болып табылады, бұл жағдайда, бір өтпемен қалың металдарды пісіргенде, негізгі металдың терең балқуын қамтамасыз етеді.

 

Әдебиеттер: 6 нег. [36-43],1 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Доға аумағын қорғау әдісімен жартылай автоматтар қалай жіктеледі?

2. Жартылай автоматтарда доға аумағын қандай газдармен қорғайды?

3. Флюс астында жартылай автоматты пісірудің ерекшелігі неде?

 

12‑Дәріс. Автоматты доғалы пісіруге арналған жабдықтар

Балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған автоматтардың жіктелуі

Балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған автоматтар доғаны жағады, доға аумағына электрод сымын, флюсті немесе қорғаушы газды береді, жұмыс ережесінде пісіру процесін басқарады, пісіру аппаратын жылжытады және пісіру процесін бітіреді.

Автоматтар құрылғылық жағынан нәрлендіретін электр жүйесі кернеуінің тербелісіне, электрод сымын беру жылдамдығының өзгеруіне т.с.с. жылдам әсер ететіндей етіп орындалған.

МЕСТ 8213—75*е‑ бойынша балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар (10‑кесте) келесі белгілерімен жіктеледі:

 

10 – кесте. Доғалы пісіруге арналған автоматтар

 

Номиналды пісіру тоғы, А Номиналды ережесі ПВ, % Пісіру тоғының түрі Орындалуы Электрод сымы Пісіру жылдамдығы 1 · 10-2 м/с
диаметрі, мм жылдамдығы, 1·10-2 м/с
тұрақты Г 0,8—1,4 4,4—26,7 0,3—2,2
» Ф 1,6—2 3,3—20 0,3—3,3
  Г, ФГ 1,2—2 3,3—23 0,3—3,3
» Ф 1,6-3 3,3—20 0,3—2,2
» Г, ФГ 1,2—3 3,3—20 0,3—3,3
» Ф 2—5 1,7—10 0,3—2,2
айнымалы Ф 3—5 1,7—10 0,3-2,2
тұрақты Г, ФГ 2—5 1,7—10 0,3—3,3
» Ф 3—6 1,7—10 0,3—2,2
айнымалы Ф 3—6 1,7—10 0,3—2,2

 

 

¾ доға аумағын қорғау әдісімен (пісіруге арналған автоматтар):

¾ Ф —флюс астында,

¾ Г — қорғаушы газдарда,

¾ ФГ — қорғаушы газдарда және флюс астында;

¾ қолданылатын пісіру тоғы түрімен (тұрақты, айнымалы, айнымалы және тұрақты тоқпен пісіру);

¾ салқындату әдісімен (пісіру бастиегі мен шүмегінің тоқ келтіретін бөлігінің табиғи салқындауы, сумен немесе газбен еріксіз салқындату);

¾ электрод сымын беру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу реттеумен, баяу‑ сатылы, сатылы реттеулермен);

¾ пісіру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу, баяу‑сатылы және сатылы реттеулермен);

¾ электрод сымын беру әдісімен (тәуелсіз және доғаға берілетін кернеуге тәуелді);

¾ пісіру жігіне қатысты автоматтың орналасуымен (жол аралығының ішінде пісіру үшін, жол аралығының ішінде және сыртында пісіру үшін).

Құрылғылық орындалуы жағынан барлық автоматтар келесі типтерге бөлінеді:

¾ пісіру тракторлары;

¾ өздігінен жүретін және аспалы пісіру бастиектері;

¾ автоматты пісіруге арналған қондырғылар.

Қорғаушы газдарда балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар (30‑сурет).

1 —пісіру жанарғысы; 2 —иілгіш түтіктер; 3, 4 —жанарғыны горизонталь және тік жылжыту механизмдері ; 5 —жанарғыны бұру механизмі; 6 —басқару пульті; 7—электрқозғалтқыш; 8 —электрод сымын беру механизмі ; 9— жанарғыны көлденең бағытта жылжыту механизмі; 10‑ арбашық

30 – Сурет. Пісіру тракторы АДПГ-500

 

Жауапты металқұрылғыларын – тұғырлар, қазандықтар мен сиымдылықтар және құбыр жолдарының бөлшектері мен түйіндерін, әртүрлі кеңістіктегі металқұрылғыларды т.с.с. пісіру үшін, қорғаушы газдарда балқитын электродпен пісіруге арналған автоматтар қолданылады.

Бұл автоматтардың арнайы бастиектері бар, олар пісіру аумағын газбен қорғауды және шүмекті сумен салқындатуды қамтамасыз етеді, сондай‑ақ олар қажетті газдық аппаратуралармен жабдықталған.

Газдық аппаратурлар газға арналған сиымдылықтан, бәсеңдеткіш алдындағы жылытқыштан, бәсеңдеткіштен, шығынөлшегіштен және газды клапаннан тұрады.

Флюс астында доғалы пісіруге арналған автоматтар

Бұл топтыңавтоматтары (31‑сурет) қабырғасының қалыңдығы 5‑30 мм құрылғыларды дайындағанда кеңінен қолданыс тапты, мысалы сиымдылықтар, арқалықтар, жаймалы металқұрылғылары. Бұл автоматтарды негізінен кеңістіктің төменгі қалпында түзу сызықты және шеңберлі жіктерді пісіргенде қолданады.

1-басқару пульті; 2- электрод сымына арналған кассета; 3 – флюске арналған шанақ; 4- электрқозғалтқыш; 5-жүріс механизмі; 5-мүштік;

7- пісіру бастиегі; 8- түзеуші механизм



Дата добавления: 2022-07-20; просмотров: 57;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.016 сек.