Сурет. ТДМ-140 пісіру трансформаторы


 

Трансформатордың техникалық орындалуы төмендегідей:

¾ пісіру тоғын баяу реттеуі;

¾ артық жылу жүктемелерінен қорғалуы;

¾ доғаның жеңіл жағылуы және орнықты жануы;

¾ халықаралық стандартқа ИСО9001 сәйкес келуі;

¾ трансформатордың орамасы мыстан жасалған;

¾ оқшаулама сыныпы Н МЕСТ 8865-70 бойынша;

¾ табиғи салқындатылуы.

 

Әдебиеттер: 6 нег. [11-15], 3нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Доғалы пісіруді кеңінен қолдануға не әсер етті?

2. Магниттік шашырауы қалыпты трансформаторлардың магнит шашырауы жоғарылатылған трансформаторлардан айырмашылығы қандай?

3. СТН және СТД типті трансформаторлардың СТЭ типті трансформаторлардан артықшылығы неде?

4. ТДМ-140 пісіру трансформаторы қандай жұмыстарға арналған?

 

7‑Дәріс. Тұрақты тоқпен нәрлендіру көздері

Тұрақты тоқпен нәрлендіру көздеріне бір‑ және көппосталы генераторлар мен түзеткіштер жатады.

Генераторлар электрқозғалтқыштан немесе іштен жанатын қозғалтқыштан жетек алады (20‑сурет).

 

20‑сурет. Генераторлар

 

Көппосталы генераторлар бірпосталы генераторлардың қағидасымен,оның бірінші тобы бойынша тізбекті магниттеуші орамасымен, бірақ магниттеуші орамдар генератордың басты щеткасынан нәрлендірумен, құрылғыланған. Әрбір пісіру орнында тоқ балласты реостатты тізбектеп қосумен реттеледі.

Қазіргі кезде тұрақты тоқпен нәрлендіру көзі есебінде пісіру түзеткіштері кеңінен қолданыс тауып келеді (21‑сурет). Олар трансформатор мен вентильдер бірікпесінен тұрады.

 

21‑Сурет.Пісіру түзеткіші

 

Қазіргі шығарылатын пісіру түзеткіштері төмендегідей бөлінеді (22‑сурет):

¾ бірпосталы құлама, қатаң, көлбеуқұламалы және әмбебап сипаттамаларымен;

¾ көппосталы қатаң сипаттамаларымен.

 

 

 

22‑Сурет. Генераторлардың қағидалы сұлбасы

 

Пісіру түзеткіштерінде үшфазалы көпірлі немесе алты фазалы түзету сұлбасы бойынша жиналған, селенді немесе кремнийлі вентильдер қолданылады (23‑сурет).

23‑сурет. Пісіру түзеткіштерінің қағидалы сұлбасы

Көппосталы түзеткіштерде магниттік шашырауы қалыпты күштік трансформатор мен түзеткіш бірікпесі болады. Бұл түзеткіштердің сыртқы сипаттамасы қатаң.

Тоқ әрбір постыда төмендегідей реттеледі:

— ВКСМ және ВДМ типті түзеткіштерде РБ типті балласты реостат көмегімен;

— ВМГ және ВДГМ типті түзеткіштерде —РБГ типті балласты реостат және бөліктендіруші тұрақтандырғыш дроссельдер көмегімен.

 

Әдебиеттер: 6 нег. [15-20],1 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Көппосталы генераторлар қандай қағида бойынша құрылғыланған?

2. Пісіру түзеткіші қандай бірікпелерден тұрады?

3. Көппосталы түзеткіштердің сыртқы сипаттамасы қандай болады?

4. Пісіру түзеткіштерінде вентильдердің қандай түрлерін қолданады?

8‑Дәріс. Қорғаушы газда доғалы пісіру, электрқожды пісіру және плазмалы кесу үшін арналған нәрлендіру көздері

Қорғаушы газдарда балқитын электродпен доғалы пісіру үшін сыртқы сипаттамалары қатаң және көлбеу құламалы нәрлендіру көздерін пайдаланады (24‑сурет), олардың қатарына бір посталы түрлендіргіштер ПСГ‑500‑1, ПСУ‑300 және ПСУ‑500‑2, агрегаттар АСУМ-400, АСДП-500Г-ЗМ, СДАУ1 және ПЭГП-2-250, түзеткіштер ВС-300, ВДГ-301 және басқалары жатады.

24‑сурет.

 

Осы мақсатта қолдануға көп посталы түзеткіштер ВМГ-5000, ВДГМ-1602 және ИДГМ-1001/1601 арналады. Вольфрам электродымен қорғаушы газдарда тұрақты тоқпен пісіргенде сыртқы сипаттамасы көлбеу бір посталы немесе РБ типті балласты реостаттармен көп посталы нәрлендіру көздері қолданылады.

Вольфрам электродымен қорғаушы газдарда айнымалы тоқпен пісіргенде УДАР, УДГ және ИПК типті арнайыландырылған қондырғыларды пайдаланып орындау ұсынылады.

Электрқожды қондырғыларды нәрлендіру үшін негізінде магниттік шашырауы қалыпты арнайы трансформаторларды қолданады. Бұл трансформаторлардың ережесін реттеу сатылы: үшфазалы трансформаторлардың орамаларын ∆/Ү немесе Ү/∆ сұлбамен қосу арқылы және бірінші мен екінші орамдардың өрім санын өзгертумен реттеледі.

ТШС-1000-1, ТШС-3000-1, ТШС-1000-3, ТШС-3000-3 типті трансформаторларда таңдалған аралықта, жүктемемен болғанда да, кернеуді реттеуге болады.

Электрқожды пісіру үшін магниттік коммутациясы реттелетін ТРМК-3000-1 типті трансформатор да қолданылады. Бұл трансформаторда кернеуді реттеу аралас орындалған:

¾ сатылы — екінші ораманың өрім санын өзгерту есебінен;

¾ баяу—магнитөткізгіштің жоғарғы және ортаңғы ярмосын магниттеумен.

Таңдалған аралықта кернеуді баяу реттеу жүктелген кезінде орындалады.

Плазмалы кесу үшін күртқұламалы сыртқы сипаттамасымен және бос жүріс кернеуі жоғарылатылған арнайы түзеткіштер жасалған. Бұл түзеткіштер трансформаторларының магниттік шашырауы қалыпты. Мұнда пісіру ережесі қанығу дросселі көмегімен реттеледі.

Доға көппосталы нәрлендіру көздерінен нәрленгенде, тоқ түйір электродтармен пісіргенде РБ типті , ал балқитын электродпен көмірқышқыл газында пісіргенде РБГ типті балласты реостаттармен реттеледі.

Бұдан да басқа, көмірқышқыл газында балқитын электродпен пісіргенде нәрлендіру көздерінің қажетті динамикалық сипаттамаларын алу үшін тұрақтандырғыш және бөлгіш дроссельдерді қолданады.

 

Әдебиеттер: 6 нег. [20-28],1нег., 1-3қос.

Бақылау сұрақтары

1. Қорғаушы газдарда балқитын электродпен пісіру үшін қандай нәрлендіру көздері қолданылады?

2. Айнымалы тоқпен қорғаушы газда вольфрам электродымен пісіргенде қондырғылардың қандай түрлерін қолдану ұсынылады?

3. Доғаны көппосталы нәрлендіру көздерінен нәрлендіргенде тоқты қалай реттейді?

 

9‑Дәріс. Қолмен доғалы пісіруге арналған жабдықтар

Қолмен доғалы пісіргенде техникалық сипаттамалары жоғарыда келтірілген нәрлендіру көздерімен қатар, пісіру сапасын жақсартуын, қарапайымдылығын және процесті ыңғайлы жүргізуді қамтамасыз ететін, әртүрлі жабдықтар қолданылады.

Доға жағуға арналған қондырғы.
Осцилляторлар.

Осцилляторлар (3‑кесте) айнымалы тоқпен істегенде пісіру тоғы нольден өткенде оның тұрақтылығын жоғарылатуға және доға жағуын жеңілдетуге арналады. Құрылымына байланысты осцилляторларды пісіру жүйесіне параллель немесе нәрлендіру көзіне тізбекті жалғайды.

Осцилляторларды балқымайтын электродпен қорғаушы газдарда доғалы пісіргенде және иондаушы қасиеттері төмен қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіргенде қолданады.

Осциллятордың құрамы (25‑сурет) – жоғарылату трансформаторы, жиілікті түрлендіргіш және пісіру тізбегіне жоғары кернеуді енгізу қондырғысы.

Осциллятор, жоғары кернеулі — 2÷8 кВ, жоғарылатылған жиілікті — 150÷260 кГц тоқ жасайды.

 

25 –Сурет. Осциллятордың қағидалы электрлік сұлбасы

3 – кесте. Пісіру осцилляторларының техникалық сипаттамалары

Таңбасы Кернеуі, В Номиналды қуаты, кВт. Габариті, мм Массасы, кг
Нәрлендіру жүйесінің Бос жүрісінің
ОСП-3-2М-1 0,02 250X176X110
ОСП-3-300М 0,04 290x225x150
ОСП-3-2М 0,044 250X170X110
ОСЦВ-2 0,08 300X215X236
МЗ 65,40 0,08 350x240x290
0С1 0,13 315x215x260
М2 220, 110 0,14 300X235X265
ОСП-3-1 0,2 230X340X310
ТУ-2 220, 65 0,225 390X270X350
ТУ-177 220, 65 0,4 390x270x350
ОСЦН 0,4 390X270X310
ТУ-77 220, 65 1,0 390X270X350

 

Доға қоздырушылары

Доға қоздырушылары (4‑кесте) тұрақты және айнымалы тоқ доғасын қоздыру үшін арналады. Қоздырушылар жүйеден тәуелсіз нәрленеді немесе доға кернеуінен нәрленуі мүмкін.

 

4‑кесте. Доға қоздырушыларының техникалық сипаттамалары

қөрсеткіштері УПД-1 ВИС-501 ВИР-101
Нәрлендіру кернеуі, В Номиналды доға тоғы, А ПН, о/о 80,200,315 60—90 - 180—300

Соңғы қоздырғыштардың алдыңғыларына қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

¾ олар қосымша нәрлендіру жүйесін қажет етпейді;

¾ доға аралығына тоқ бергенде автоматты түрде қосылады;

¾ доғаны қоздырғаннан кейін жұмысын автоматты түрде тоқтатады.

Қоздырғыштардың негізгі құраушы бөлшектері – жоғары кернеу көзі, жоғары жиілікті генератор және пісіру доғасы жүйесіне жоғары кернеу енгізу қондырғысы.

Доға жануының тұрақтандырғыштары.

Айнымалы тоқта қаптамалы электродтармен пісіргенде пісіру доғасының орнықты жануы үшін тұрақтандырғыштар қолданылады (5‑кесте).

 

5 – кесте. Доға жануының тұрақтандырғыштары

Көрсеткіштері СД-2 СД-3
Импульс жиілігі, Гц Габариті, мм Массасы, кг   320x190x90   340x200x90

Тұрақтандырғыштар жасайтын импульстерінің жиілігіне қарай жіктеледі.

СД-2 тұрақтандырғышы айнымалы тоқпен пісіру процесін жеңілдетеді, әсіресе, қалыңдығы жұқа бұйымдарды қаптамасы рутильді электродтармен (МР-3, АНО-4) пісіргенде, оның тұрақтандырғыш импульстерінің жиілігі 50 Гц. Негізгі қаптамалы электродтармен (УОНИ 13/45, ОЗЛ—8) пісіргенде доға жануының тұрақтылығын жоғарылату үшін, импульстерінің жиілігі 100 Гц, СД-3 тұрақтандырғышы жасалды.

Тұрақтандырғыштардың құрамы: айнымалы тоқтың нәрлендіру көзіне жинастырылған электронды бірікпе, ол айнымалы пісіру тоғының нөльден өту кезінде тоқ импульсінің қатар берілуін қамтамасыз етеді.

Бос жүріс кернеуінің шектеуіштері.

Жүктемені алғанда пісіру доғасы нәрлендіру көзінің бос жүріс кернеуін ажырату немесе шектеу үшін кернеу шектеуіштерін қолданады (6‑кесте).

6 –кесте. Бос жүріс кернеуінің шектеуіштері

Таңбасы Пісіру тоғы, А Пісіру циклінің ұзақтығы, с Габариті, мм Массасы кг
Номинал ды Реттеу шектері
УСНТ-0,5 _ _
УСНП-1 40-315  
УСНТ-4 - 530X230X396
УТСН-1 УЗ До 300 325X290X300
УТСН-2 УЗ До 300 325x290x300
УСНТ-1 40—315
УСНТ-0,6 70—560 328X430X205

 

Бос жүріс кернеуі шектеуіштерінің құрылымына байланысты оларды тұрақты тоқ нәрлендіру көздері үшін де пайдаланады, мысалы түзеткіштерге, немесе айнымалы тоқ көздері – трансформаторлар үшін.

Бос жүріс кернеуі шектеуіштерінің құрылымы – пісіру тізбегіне қосылатын күштік тиристорлардың электрондық сұлбасынан тұрады.

 

Әдебиеттер: 6 нег. [31-34],1 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Осцилляторлар не үшін арналады?

2. Осцилляторларды қандай пісіру түрлеріне қолданады?

3. Доға қоздырғыштары не үшін арналған?

4. Доға жануының тұрақтандырғышы дегеніміз не?

10 – Дәріс. Пісіру тоғының реттегіштері

Табиғи сипаттамасы қатаң нәрлендіру көздерінен қажетті сыртқы сипаттама алу және пісіру ережесін дұрыстау үшін балласты реостаттар (26‑сурет) немесе посталық реттегіштер қолданылады.

26‑Сурет.

 

Белсенді кедергі құрайтын балласты реостаттарды (7‑кесте) пісіру жүйесінің пісіру доғасына тізбектеп қосады және оның көмегімен пісіру тоғын сатылы реттейді.

 

7 – кесте. Балласты реостаттардың техникалық сипаттамалары

Таңбасы Номиналды пісіру тоғы, А Габариті, мм Массасы, кг
РБ-201 580 X 355Х 648
РБГ-301 600X 410Х648
РБ-301 У2 580X 410Х648
РБ-501 580Х465Х 648

 

Балласты реостаттар көлденең қимасы әртүрлі нихром сымынан тұрады, олар әрбір секцияда кернеуді белгілі мөлшерде төмендетеді.

Балласты реостаттарды номиналды тоғымен жіктейді.

Арнайы құрылыс‑ жинастыру институттарында ВНИИЭСО және ВНИИМонтаж – спец.строй (Ресей), посталық реттегіштер УДГ-201 және ИСТ-160 (8‑кесте) жасалды, олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПЭК) жоғары, электр шығыны төмен.

 

8 –кесте. Посталық реттегіштердің техникалық сипаттамалары

Көрсеткіштері УДГ-201 ИСТ-160
Арналуы Аргон – доғалы пісіру үшін Қаптамалы электродтармен және аргонда пісіру үшін
Тоқты реттеу аралықтары, А Доғадағы кернеуі, В   12—200 12-18   25—160 14-40
Жұмыс ұзақтығы, %
Нәрлендіру кернеуі, В 70—80
Габариті, мм 500х300X 450 250X350х 400
Массасы, кг

 

Е. О. Патон атындағы Электр пісіру институтында(Украина) жасалған Модулятор ИО101 қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіргенде айнымалы пісіру тоғын түрлендіруге арналған, ол кез‑келген сериялы трансформаторлармен 315 А тоққа дейін істей алады.

Модулятордың құрамы:

¾ тұғыры;

¾ тиристорлік кілт;

¾ сымды резистор;

¾ тиристорлі кілтпен басқару бірікпесі;

¾ алғашқы импульстің ұзақтығын белгілеп беретін бірікпе.

Модулятор пісіру процесінің техникасын орындауды елеулі қарапайымдандыруға, тік және төбелік қалыпта еңбек өнімділігін жоғарылатуға, диаметрі 3 және 4 мм электродтармен жұқа жаймалы (0,6‑0,8) құрылғыларды пісіруге мүмкіндік береді.

ОИ101 Модуляторының қысқаша техникалық сипаттамасы

Нәрлендіру жүйесінің кернеуі … 220 В

Нәрлендіру жүйесінің жиілігі………………….. 50 Гц

Импульс тоғы……………………………………. 315 А

Үзіліс тоғының өзгеруі:

I ‑сатысы………………………………………….85—95 А

II‑сатысы………………..……………………… 100—120 А

 

Уақытты реттеуі:

импульстің……………….………………………… 0,02—0,5 с

үзілістің………. …………………………….. 0,02—0,5 с

алғашқы импульстің……………………………. 0,5—1,5 с

Габариті…………………………………………. …350X216X515 мм

Массасы ………………………………………………16 кг

 

Балқымайтын электродпен қолмен доғалы пісіруге арналған қондырғы.

Балқымайтын электродпен пісіру арнайы қондырғыларды пайдаланып қолмен жүргізіледі. УДГ‑301 пісіру қондырғысының жалпы көрінісі 27‑суретте көрсетілген.

 

 

27 –Сурет. УДГ-301 пісіру қондырғысының жалпы көрінісі

 

Әдебиеттер: 6 нег. [34-36],1 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары



Дата добавления: 2022-07-20; просмотров: 91;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.031 сек.