Шегендеу тізбектері 11 глава


- көмекші барабанмен;

- шығырды және бұрғылау қондырғысының барлық агрегаттарын басқару құрылғысымен;

- шығырдың және қондырғының басқа мүшелерінің жұмысын бақылайтын қондырғылар қалқанымен;

- тізбекті трансиссия кезінде айналымды роторға беруге арналған аралық білікпен.

Шығыр – қатты металл тұрқыдан жасалған жеке агрегат, ол тез монтаждауды, демонтаждау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін жылжымалы рамалық шанада жиналады.

Білік негізгі барабанмен, берілістермен және қосу муфталарымен, мойынтіректер мен трансмиссияларға шаң-тозаң, қоқыс түсуден сақтайтын қажетті құрылымдық нығыздығымен, беріктігімен қанағаттандыратын тұрқыда жиналған.

Механикалық (негізгі) тежегіш барабанның шамасы өсіп тұратын айналым санының бір қалыпты тежелуін қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігінің шарттарына сай, тежегіш барабанда монтаждалады; Оның тежегіш таспалары барабан шкивтерін тежеу кезінде тығыз қамтып үйкеліс беруі және түсіру кезінде барабанның еркін айналуын, жылудың жақсы бөлінуін қамтамасыз етуі керек. Шығыр көмекші тежегішпен жабдықталса, ол тежелуді реттеуді және тізбекті түсіру кезіндегі бөлінетін энергияның жұтылуын қамтиды. Көмекші тежегіш барабанның тежелуін тек қана тізбекті түсіру кезінде жүзеге асырады, ал көтеру кезінде барабанның кері бағытта айналуына байланысты тежемейді.

Бұрғылау шығырлары біліктерінің кинематикалық байланысын - шынжырлы беріліспен жүзеге асырудың тиімділіктері бар, ал жеңіл, өзі жүретін қондырғыларда – тісті беріліс тиімдірек.

Басқару пулті мен аспаптар қалқаны бұрғышы шығырды және басқа да бұрғылау қондырғысының жабдықтарын жеңіл және ыңғайлы басқаратындай және өз орнын ауыстырмай-ақ жұмыс процесінде жұмыс алаңын жақсы көретіндей етіп орналастыру керек.

Шығыр құрылымы бұрғылау қондырғысы басында, аз уақыт жұмсау арқылы кішігірім жөндеу жұмыстарын (тежегіш колодкаларын ауыстыру, тәл арқанын, шынжырды ауыстыру т.б.) жасауға мүмкіншілік беретіндей болуы керек. Шығырлар ұңғыны бұрғылау мерзімінің барлық уақытында үздіксіз сенімді жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі керек. Шығырлар жөндеуге дейін кем дегенде 3000 сағат жұмыс жасауы тиіс.

Жасалынатын жұмыс кешеніне байланысты шығырлар ұңғыны бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсірумен, қашау берілісімен байланысты барлық жұмыстарға арналған не болмаса функциялардың тек бір бөлігін (тізбекті көтеріп-түсіру) орындайтын әмбебап болуы мүмкін. Соңғы жағдайда құбыр бұрандаларын бұрап ағыту және бекіту, үлкен емес жүктерді, грунтоносканы көтеріп-түсіру басқа көмекші шығыр көмегімен іске асады. Бұрғылау шығырының әмбебап түрлерін бұрғылау еденінің деңгейінде орналастырып, ал екіншілерін еден деңгейінен төмен орналастырып қолданады. Соңғы жағдайда шығырды қашықтықта механикалық және пневматикалық басқару қондырғысымен қарастыру керек және бұл жағдайда шығырды көмекші жұмыстарға арналған катушкалы білікпен жабдықтамайды, себебі бұл жұмыстарды бұрғылау еденінің деңгейінде орналасқан көмекші шығырлар орындайды. Көмекші шығырды катушкамен, көмекші және тартальды арқанды орамдауға арналған барабанмен және басқа да қондырғылармен жабдықтайды.

Бұрғылау шығырлары арқанның жетекші тармағына түсетін жүктеме шамасына, барабан білігіне берілетін қуатына, тежегіш қуатына, біліктер мен барабандар санына байланысты сыныпталады. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары және құрылымдық жасақталып безендірілуі әртүрлі бола алады.

 

8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары,

құрылымы және техникалық сипаттамалары

 

Шартты белгілер арқылы бұрғылау шығырларының кинематикалық сұлбалары, олардың кинематикалық элементтерінің жинақтығы, байланысуы және қосылулары жиынтығы көрсетіледі. Бір білікті бұрғылау шығырының ІІІ ауыспалы беріліс қорапшасымен ІІ, қашау берілісін реттегіші І және ротор трансмиссиясы IV бар кинематикалық сұлбасы 8.1-суретте келтірілген. Қарастырылатын сұлба ЛБУ-1100М1 шығырында қолданылады және қазіргі заманғы отандық және шетелдік бұрғылау шығырларына тән болып саналады. Шығырдың көтергіш білігі 25 шынжырлы беріліспен 3 және 26 жетекші біліктен 4 және ауыспалы беріліс қорапшасының ІІ аралық білігінен 24 жетекке келтіріледі. Жетекші муфтамен 22 жалғанатын трансмиссиялық білік 21 үш тура жылдамдықтарды (шынжырлы берілістер 12, 16, 17) және бір кері (тісті беріліс 20, 23) жылдамдықты береді.

Шынжырлы беріліс 3 (81/21) жалғаушы біліктердің ұшындағы ұршықша арқылы, ауа қысымды шиналы–пневматикалық муфталармен 2 және 9 қосылады. Бұл беріліс арқылы шығырдың көтеруші білігіне білік жұдырықшаларымен 18, 19, 13, 14 және 15 ауыспалы беріліс қорапшасы білігінің 24 айналу жиілігінің өзгерісіне байланысты «жәй» жылдамдықтары І, ІІ, ІІІ беріледі. Шынжырлы беріліс 26 (40/39) көтеру білігінің оң жақ ұшындағы ұршықша арқылы шиналы-пневматикалық муфтамен 27 қосылады. Осы кезде біліктің 24 айналу жылдамдықтары IV, V, VI («шапшаң») көтергіш білікке беріледі.

Шығыр көтергіш білікке шынжырлы берілістермен 3 және 26 беріліс қорапшаларының тісті берілістермен 20, 23 берілетін екі кері жылдамдықтарға ие. Шығырдың тежелуі көтеру білігімен жалғанатын жұдырықша муфта 28, арқылы электромагнитті тежегіш 29 көмегімен іске асады. Ротор 32 шиналы –пневматикалық муфтамен 31 қосылатын, шынжырлы берілісіпен 30 шығырдың көтеруші білігінен жетекке келтіріледі. Көтеруші біліктің айналу жиілігі тахогенератормен 1 бақыланады.

 

 

8.1-сурет. ЛБУ – 1100М1 бірбілікті бұрғылау шығырының кинематикалық сұлбасы

 

Қарастырылған шығырда, ұңғыны бұрғылау кезінде, қашау берілісі шығырдың көтеруші білікке шиналы-пневматикалық муфтамен 5 және шынжырлы беріліспен 3 қосылатын, қашау берілісінің реттегіші 1 арқылы автоматты түрде іске қосылады. Қашау берілісін реттегіш электроқозғалтқыштан 8, муфтадан 7 және редуктордан 6 тұрады, сонымен қатар негізгі жетек істен шыққан жағдайда құбырлар тізбегін көтеруге қолданылады. Сынабелдікті беріліс 10 майлау сорабының айналуына қызмет етеді. Пневматикалық тежегіш 11 тісті берілісті және жұдырықшалы муфталарды қосу үшін керекті біліктің орналасуын қамтамасыз етеді.

Екібілікті бұрғылау шығырының кинематикалық сұлбасы 8.2- суретте келтірілген. Бұл сұлба алдыңғы қарастырылған бірбілікті шығырда қабылданғандай, екіберілістің орнына бір шынжырлы беріліс 4 арқылы трансмиссиялық білікке 5 айналым беретін, беріліс қорапшасынан жетекке келтірілетін шығырларда қолданылады. Шиналы-пневматикалық муфталармен 2 және 7 қосылатын, «шапшаң» 8 жылдамдықты (36/37) және «жәй» 3 жылдамдықты (69/29) шынжырлы берілістерімен трансмиссиялық біліктен шығырдың көтергіш білігіне 13 айналым беріледі.

 

 

8.2-сурет. Екібілікті бұрғылау шығырының

кинематикалық сұлбасы

Трансмиссиялық біліктің 5 жылдамдығы өзгеру саны, беріліс қорапшасы жылдамдықтары санына тең. Көтеруші біліктің жылдамдық саны 3, 8 берілістерінің арқасында екі еселенеді. Түсу жылдамдығы көтеруші біліктің жұдырықшалы муфтасымен жалғанатын, гидродинамикалық тежегішпен 10 шектеледі. 8.1-суреттегі көрсетілген сұлбадан айырмашылығы, ротор көтеруші біліктен емес, трансмиссиялық біліктен жетекке келтіріледі. Ол үшін шиналы-пневматикалық муфтамен 11 қосылатын, 12 және 15 берілістері қолданылады.

Сұлбада қарастырылатын ротордың жылдамдық саны, беріліс қорапшасы өзгерткіштік санына тең. Шынжырлы беріліс 6 жұдырықшалы муфтамен 14 қосылатын, шынжырлы берілістегі 16 шығырдың көтергіш білігіне айналым беретін, трансмиссиялық білікпен 5 қашау берілісін реттегішті қосады. Мұндай сұлбаға үшжылдамдықты өзгермелі беріліс қораптары арқылы айнымалы токтың электроқозғалтқыштарымен және дизельмен жетекке келтірілетін, алтыжылдамдықты шығырлар ие. Тахогенератор жетегі 1 – шынжырлы беріліс болып келеді.

Шығыр жетегі тұрақты ток көзі электрқозғалтқышынан болған кезде оның кинематикалық сұлбасы қарапайым болады. Жоғарыда қарастырылған сұлбалармен салыстырғанда соңғы аталған шығырларда берілістерді өзгерту қорабының қызметін шиналы-пневматикалық муфта арқылы жалғанатын, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан қозғалтқыштар орындайды. Шығырдың трансмиссиялық білігі қозғалтқыштардың біреуі істен шыққан жағдайда көтергіш білікке айналыс беруге арналған. Айналу жиілігінің үш есе азаюы арқасында бір қозғалтқыштың қуаты көтеріп-түсіру операциясына жеткілікті болады. Бұрғылау процесі кезінде трансмиссиялық білік қашау берілісін реттегіштен шығыр барабанына айналым беру үшін қолданылады. Құбырлар тізбегін түсіру кезінде шығырдың тежелуі кәдімгі ленталы тежегішпен және генератор режиміндегі жұмыс жасап тұрған электроқозғалтқышпен іске асады.

Үшбілікті шығыр (8.3-сурет) бірнеше біліктерден тұрады: көтеруші 15, трансмиссиялық 5, катушкалық 3 және ротор жетегі үшін қолданылатын қосымша 9 біліктерден. Шығыр жетекші және жетектегі біліктер арқылы өзгермелі тісті берілісті қорапшадан жетекке қосылады. Беріліс қорапшасының өзгермелі айналыстағы жетекші білігі карданды білікпен 6, трансмиссиялық білікпен 5 жалғанады және шынжырлы беріліс (28/25) арқылы шиналы-пневматикалық муфтамен қосылып, көтеруші білікке «шапшаң» жылдамдықпен беріледі.

 

 

8.3-сурет. У2-5-5 үшбілікті бұрғылау шығырының

кинематикалық сұлбасы

Беріліс қорапшасының өзгермелі айналыстағы жетектік білігі төрт жылдамдыққа ие. Беріліс қорапшасының жетектегі білігі, карданды білік 8 арқылы екі ұшы шығарылған білігі бар тісті редуктормен жалғанады. Олардың бірі шығырдың шиналы-пневматикалық муфтасы 7 арқылы көтеруші білікпен, ал екіншісі- білік 9 арқылы ротор жетегімен 11 жалғанады. Сөйтіп, шығыр бес жылдамдыққа ие (төртеуі «жәй» және біреуі тәуелсіз «шапшаң»), ал ротор –төрт айналу жылдамдығына ие.

Катушкалық білік 3 жетекші дөңгелегі z=19 тісті көтеруші білікте 15 бос отырғызылған «шапшаң» жүрісті шынжыр дөңгелегімен z=28 тісті қосарланған шынжырлы беріліспен 4 жетекке келтіріледі. Сөйтіп, катушкалық білік 3 берілістік қораптың тезжүрісті білігімен тұрақты іліністе болады. Катушкалы біліктің шығып тұрған ұшында, бұрғылау қондырғысының қосымша жұмыстарын атқаратын, планетарлық тісті берілістің 2, фрикционды катушкасы 1 орналастырылған.

Ротор жетегі шиналы-пневматикалық муфтамен 10 қосылатын, шынжырлы беріліспен (21/45) іске асады. Қашау берілісін реттегіштің шынжырлық дөңгелегі 14 және гидродинамикалық тежегіш 12, шығырдың көтеруші білігіне екіжақты жұдырықша муфта 13 арқылы қосылады.

8.4-суретте негізгі құрылымдық элементтері шетелдік және Ресейлік шығырлар моделдерінде қайталанатын ЛБУ-1100 бұрғылау шығырының үстінен қарағандағы көрінісі берілген. Шығыр оның монтаждық-демонтаждық жұмыстар кезінде көтеруші кранның көмегімен тасымалданатын, пісірілген метал рамада 4 монтаждалады. Рамаға шығырды беріліс қорабымен жалғастыратын, шынжырлы берілістің біліктерінің 3 және 10 май жүретін тұрқысы пісіріп орнатылған. Бұрғылау шығырының барабаны центріндегі тесіктерінде май ванналары бар жақтауларда, көтеру білігінде 7 орнатылған.

 

 

8.4-сурет. ЛБУ-1100 бұрғылау шығыры

Тұрқыда 10 ротор трансмиссиясы білігі 11 жетегі үшін қолданылатын екінші шынжырлы беріліс орналастырылған. Ротор трансмиссиясының білігі шығыр рамасына бекітілген, тұрқының қосымша ойығында 10 және шығып тұрған тіреуде 12, сфералық роликті мойынтіректерде орналасқан. Қақпақпен жабылған және аралық қаптамалары 15 және 19 бар майлы ванналар ауыспалы берілістің қорабымен жалғанады. Майлы ванналардың сыртқы фланецтері қаптамалармен 16 және 18 жабылады. Рамада, бұрғышының басқару пулті 2 жағынан балансир қадасы 8, тежеу білігі 17, таспалы тежегішті басқару тұтқасының білігі 5 монтаждалған. Электромагнитті тежегіш 14 көтергіш білікпен өстестіріліп, онымен жұдырықша муфта 13 арқылы жалғанып рамаға бекітіледі. Рамада екі тахогенератор 9 және 20 орнатылған.

Тахогенератор 9 ротор столының айналу жиілігін өлшеу үшін тағайындалған және ротор трансмиссиясының білігмен 11, шынжырлы беріліспен жалғанған. Тахогенератор 20 электромагнитті тежегіштің білігімен жалғанған және электротежеуіштің автоматты жұмыс режимі кезінде құбырлар тізбегін түсірудегі жылдамдықты бақылауға арналған. Қадада 1 АСП кешенінің тәл блогын және свечаны қармау механизмінің қозғалысын бақылайтын командоаппараты орналастырылған. Командоаппараттың жетегі көтеру білігіндегі шынжыр жұлдызшасынан жүзеге асады.

Рамаға шығырдың пневматикалық басқару жүйесінің ауаөткізгіші 6 бекітіледі. Қауіпсіз жұмыс жасау және ластанудан сақтау үшін шығырдың жылжымалы бөліктері металл қаптамамен жабылып, оның жеке бөлшектері мен жиынды бөліктеріне қол жеткізу мақсатында, қаптамада ашылатын топсалы есіктер жасалған.

Көтеруші білік (8.5-сурет) – бұрғылау шығырының негізгі білігі. Көтеруші біліктің 19 негізгі мойынтіректері 15 арасында барабан 18 дискілерінің күпшектері пресстелген. Бұрғылау шығырларында арқан дискінің сыртқы немесе ішкі жағына бекітіледі. Бекіту түйіні жұмыста сенімді әрі ыңғайлы болуы керек. Бекіту түйінінің сыртқы орналасуы қол жетімді және арқанды босатуға немесе бекітуге ыңғайлы. Сыртқы бекітудің кемшілігі –арқан өрімдерінің қойылған арқанның бекіту жиегіне үйкелу нәтижесінде тозып, зақымдануы.

Дайындалуы ең қарапайым кең таралғаны – сыртқы беті тегіс барабандар. Барабанға арқан орамдардың жақсы орналасуы үшін ол паралелль және бір-біріне жалғасатын спираль арналы, алынбалы қаптамамен жабдықталады. Арқанның параллель және спираль телімдерінің ұзындығына бөлек ораммен симметриялық орналасуы дисбаланстан инерциялық жүктеменің төмендеуіне әсер етеді.

Барабан дискілеріне тежегіш шкивтер 16 бекітіледі. Қарастырылған жинақ сызбада тежегіш шкивтер сумен салқындатылатын сақиналық жейдемен жабдықталған. Тежегіш шкивтерде су тұйық цикл бойынша циркуляцияланады. Ол үшін біліктің ұшындағы құрылым 3 және білік ішіне орналасқан құбыр 20, арқылы су оң одан кейін сол шкивтерге барып, одан соң сақиналық кеңістік және жалғаулы құбыр арқылы қабылдау багына құйылып одан әрі қолданысқа түседі. Тежегіш шкивтерде орнатылған бұрандалы тығындар 17 шығырды жылдың салқын кездерінде тоқтататын жағдайда, су қатпас үшін ағызуға қолданылады.

Көтеруші біліктің негізгі роликті радиал–сфералық мойынтіректері 15 майлы ванна тұрқысының ойығында орналасқан және олар майайдағыш 34 арқылы қою маймен майланады. Роликті мойынтіректердің ішкі сақиналары біліктерге кергілік төлкелермен ұстатылады, ал сыртқылары мойынтірек тұрқының қақпақтарымен бекітіледі. Температуралық ұзаруды теңгеру үшін мойынтіректің тұрқы мен сыртқы сақинасы арасында, барлығында емес бір мойынтіректе, қажетті саңылау қарастырылған (жиынды бөлік 1, сурет 8.5).

Тынышжүрісті берілістің шынжырлық дөңгелегі 1 және шиналы-пневматикалық муфта шкиві 12 жеңіл айналатын, (поз. 21 мойынтірекке ұқсас), роликті радиалды- сфералық мойынтіректі білікке отырғызылған ортақ станинаға 2 ие. Білікте мойынтіректердің ішкі сақинасы төлкелермен бекітіледі. Оңжақтағы мойынтіректің сыртқы сақинасы күпшектің ойығында өстік жылжулардан серіппелі сақинамен және қақпақпен бекітіледі. Солжақтағы мойынтірек күпшекке жылжымалы болып орналастырылады. Шиналы-пневматикалық муфтаның 12 сыртқы қоршауы 10 білікке нығарлап отырғызылған күпшеккке 6, планшайбаның 5 көмегімен бекітіледі.

Шиналы-пневматикалық муфтаны 12 қосу үшін ұршықша 7, ауаөткізгіш 4 және клапан–бөлгіш 11 арқылы ауа беріліп отырылады. Муфтаның ақауы кезінде немесе ауаның жеткіліксіз қысымы жағдайында муфтаны жалғау үшін планшайбаның ойықтарына және шкивтің паздарына бұрап кіргізілетін апаттық болттар 9 қолданылады. Қауіпсіздік ережесі бойынша, мұнараны көтеру үшін бұрғылау шығырын қолдану кезінде апаттық болттар міндетті түрде қондырылуы керек.

Қаптама 13 шкивті 14 май құйылып кетуінен сақтайды. Күпшектің 2 мойынтіректері күпшекке бұрап жалғанған түтікшелі майсауыт 3 көмегімен майланады. Осыған ұқсас көтеруші біліктің келесі шетінде шиналы-пневматикалық муфта 25, шығырдың «шапшаң» жылдамдығының шынжырлық дөңгелегі 22 және ротор трансмиссиясы 23 орналасқан. Шиналы –пневматикалық муфтаға 25 ауа электромагнитті тежегіштің білігі, ұршықша 28, біліктегі тесік 19, ауаөткізгіш 30 және клапан-разрядник 31 арқылы беріледі.

Жұдырықшалы жартылай муфталар 27 және 29 көтеруші білікті электромагнитті тежегіш білігіне жалғау үшін қолданылады. Шығырдың барлық бұрандалық жалғамалары өздігінен бұралып кетуден қатты бекітілу арқылы сақталған.

Ротор жетегігің білігі 9 екі роликты радиалды-сфералық мойынтіректе (8.6-сурет) орнатылады. Солжақтағы мойынтірек майлы ванна тұрқысында орнатылады. Оңжақтағы мойынтіректің тұрқысы бұрғылау шығырының рамасына бекітіледі. Мойынтіректер лабиринтті тығыздамамен жабдықталған, фланецті қақпақтармен жабылған.

Шиналы–пневматикалық муфтаның 6 планшайбасы 7 кілтек көмегімен білікке 9 мықтап бекітілген. Муфтаға ауа ұршықша 2 және біліктегі тесік арқылы беріледі.

 

Апаттық жағдайларда муфтаны қосу үшін болттар 8 қолданылуы мүмкін. Ұршықшада 12 ротор столының айналу жиілігін бақылайтын тахогенератордың жетегі, шынжырлық жұлдызша бар. Біліктің 9 қарама-қарсы шығып тұрған ұштары қозғалтқышты қосуға қолданылуы мүмкін. Мойынтіректер майқұтылар 2 және 5 арқылы майланады.

Ресейде шығарылатын шығырлардың шифрлары былай оқылады; (ЛБУ22-720 - лебедка буровая Уралмашзавода, натяжение ходового конца талевого каната – 22 тс (220 кН), расчетная мощность на входном валу лебедки 720 кВт.

 

8.6-сурет. Ротор жетегі білігінің жинақтық сұлбасы

 

8.1-кестесінде Уралмаш зауытынан шығатын шығырлардың, 8.2-кестесінде ВЗБТ зауыты шығаратын шығырлардың техникалық мінездемелері келтірілген.

 

8.1-кесте

ОАО «Уралмаш» зауытында шығарылатын шығырлардың техникалық көрсеткіштері

 

 

8.2-кесте

ВЗБТ зауыты шығырларының техникалық көрсеткіштері

 

8.2-кестенің жалғасы

 

 

8.3. Шығырлардың негізгі параметрлері

Бұрғылау шығырларының негізгі параметрлері: қуаты, көтеру жылдамдығы, жүккөтергіштігі, шығыр барабанының диаметрі мен ұзындығы. Шығырдың өнімділігі, экономикалық тиімділігі көрсетілген параметрлерді дұрыс таңдауға байланысты, салмағы мен өлшемдері бұрғылаудың тиімділігіне, тасымалданғыштығына және монтаждалу жеңілдігіне үлкен әсер етеді.

Шығырдың қуаты оның барабанына жұмсалатын пайдалы қуатпен анықталады, ол КТО, бұрғылау кезіндегі авариялық жұмыстарды игеруге, берілген құрылымдағы ұңғыны бұрғылауға және шегендеу жұмыстарына жеткілікті болуы керек. Жеткіліксіз қуатта, КТО-на кететін уақыт ұзарады, артық қуат көтеру жылдамдығы шектеулі болғандықтан қолданылмайды және ол материалдардық және қолданыс барысындағы шығындарға әкеліп соқтырады. Шартты түрде, жиналған тәжирибеге сүйене отырып, шығырдың тиімді қуаты берілген тереңдікте бұрғыланатын ең ауыр бұрғылау тізбегін көтеру барысында, есептелген 0,4-0,5 м/с жылдамдық мөлшерінде анықталады:

 

Nб=( Gбк + Gт ) vphтс (8.1)

 

мұндағы: Nб – шығыр барабанындағы қуат, кВт;

Gбк – бұрғылау тізбегінің салмағы, кН;

Gт – тәл механизмінің қозғалмалы бөлігінің салмағы, кН;

vp – ілмекті көтерудің есептік жылдамдығы, м/с;

– тәл механизмінің ПӘК.

Шығырдың қуаты қозғалтқыш пен оның жетегінің күштік берілістерін таңдағаннан кейін анықталады:

Nб=Nдв

 

мұндағы: Nб – қозғалтқыш білігінен алатын қуат, кВт;

hтр - трансмиссия (қозғалтқыштан шығыр барабанына дейінгі) ПӘК-і.

Тәжірибелік есептеулерде, көтеретін 1кН жүкке немесе 1 м бұрғылау тереңдігіне келетін бұрғылау шығырының меншікті қуаты мөлшерін қолданған тиімді.

Бұрғылаудағы КТО ұзақтығы мен отын – энергетикалық шығындары олардың орындалуымен, шығырдың жылдамдығы және беріліс сатылары санына байланысты. Шектік ең жоғарғы және төменгі жылдамдықтар бұрғылау технологиясында көрсетілген шарттармен, арқан жұмысымен және көтерудің қауіпсіздігіне байланысты таңдалады.



Дата добавления: 2020-10-25; просмотров: 252;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.028 сек.