Шегендеу тізбектері 9 глава


Тәл жүйесі қозғалмайтын кронблоктан, қозғалмалы тәл блогынан, иілмелі байланыстан (қозғалатын және қозғалмайтын блоктарды байланыстыратын тәл арқанынан), бұрғылау немесе шегендеу құбырлар тізбегін ұстап тұратын бұрғылау ілмегі мен штроптан, арқанды қайта жіберуді реттейтін тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітуші қондырғыдан тұрады.

Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйесіне келесі талаптар қойылады: тәл жүйесі элементтері істен шығуы апаттық жағдайларға алып келетіндіктен қолданымдық сенімділік; қызмет ету ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі - барлық қозғалатын элементтер мұнараға тиіп кету мүмкіншілігін болдырмау үшін қаптамамен қорғалған және аққыштық формалы болуы тиіс; ұзақ мерзімді қызмет етуі; қайта жабдықтау кезінде арқанды ауыстыру, монтаж және демонтаж жұмыстарының тез іске асыру мүмкіншілігі; біртипті механизмдер мен элементтердің өзара ауыспалылығы.

Тереңдігі 1200-3000 м ұңғыларды бұрғылау үшін бұрғылау қондырғыларында кронблоктағы және тәл блогындағы шкивтер саны 2х3, 3х4 тәл жүйесін қолдану керек; тереңдігі 3000-7000 м бұрғылайтын қондырғыларда шкивтер санын 3х4-тен 6х7-ге дейінгі аралықта таңдаған жөн.

Арқанның қозғалмайтын ұшын арнайы механизм арқылы бұрғылау қондырғысы негізіне бекітеді.

Тәл жүйесінде блок өлшемі мен саны, сонымен қатар арқанның тармақ саны ілмектегі мүмкін жүктемемен, шығырдың тарту күшімен, өлшемдерімен, тәл арқанының түрі және беріктігімен анықталады. Бұл көрсеткіштер өзара ұштастырылған болуы керек.

Әртүрлі жағдайда, бірдей тереңдіктегі ұңғыларды бұрғылау кезінде ілмекке бірдей жүктеме әсер етеді, бірақ бұл бұрғылау жағдайларындағы КТО саны басқа жағдайдағы бұрғылау кезіндегі КТО санынан бірнеше рет ерекшеленеді. Егер КТО саны үлкен емес болса, онда тәл жүйесінің беріктігі, ал КТО саны үлкен болуы кезінде - арқанның және басқа элементтердің абразивті және шаршаулық тозуы шешуші фактор болып табылады. Бір жағдайда арқан тармақтарының және шкивтердің үлкен санды жүйесін бірақ кіші диаметрлерімен таңдауға болады, ал басқа жағдайда – абразивті және шаршаулық тозуға жақсы қарсы тұратын үлкен диаметрлі арқандар мен шкивтердің санын аз қылып таңдауға болады. Бұл тапсырманы дұрыс шешу үшін алдымен жүйенің қолданылу шартын, арқан құрылымын және жүйе элементтерін білу керек; бұл мүмкін болатын сантүрліліктің арасынан тиімді шешім таңдау үшін қажет. БҚ-ның тәл жүйелерінде диаметрі 20-дан 42 мм-ге дейінгі болат арқандарды қолданады. Тәл жүйелері – шектік мүмкін жүктемесімен, жұмыс тармақтарының санымен және арқан диаметрімен сипатталады.

Қолданыс тәжірибесінде шкивтердің санын азайтып, олардың диаметрін үлкейтіп, үлкен диаметрлі және берік арқандарды қолдану қолайлы болып саналады.

Кронблок шкивтерінің саны тәл блогына қарағанда бір бірлікке көп болу керек, ал жабдықталуда тармақ саны –жұп болуы керек: zкб = zтб+ 1, uт = 2 zтб, мұнда zтб және zкб –кронблоктағы және тәл блогындағы шкивтер саны.

Арқанның жетекші тармағының жылдамдығы Vв шығыр барабанының айналу шарты бойынша 20м/с-тан аспауы керек, яғни Vв =Vк Uт ≤20 м/с, мұнда Vк –ілмек жылдамдығы, м/с.

Сол уақытта жетекші тармақтың тартылуы мынадай болу керек

 

(7.11)

 

мұнда, Рт- ілмекке түсетін максимал жүктеме, Н;

Rд –арқанның дәл үзілу беріктігі, Н;

ит –тәл жүйесінің берілістік қатынасы немесе жабдықталудағы тармақ саны;

Sв – арқан беріктігінің қор коэффициенті (бұрғылау қондырғысына максимал жүктемеге қарағанда 2-ден, және номиналь ұзындықта бұрғылау тізбегінің салмағына қатысты 3-тен аз емес болу керек).

Шығыр барабанына арқанының оралу қатарлар санын азырақ етіп, 2-3 тен асырмай таңдау керек.

Тәл жүйесі көбінесе КТО-сы кезінде, ауыспалы циклдік жүктеме жағдайында және бұрғылау процесінде вибрациялық жағдайларда да жұмыс жасайды. Тізбек вибрациясы тәл жүйесіне беріледі де оның тербелісін тудырып қана қоймай жиі-жиі мұнараны да тербеліске түсіреді.

 

7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар

Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйелерінде көлденең қимасы тек дөңгелек болат арқандар ғана қолданылады. Арқандардың жұмыс уақыты кейбір жағдайларда бірнеше күн болса, кейде апталап, айлап жұмыс жасайды, сондықтан әр түрлі жағдайларда жұмысының ұзақ тұрақтылығын қаматамасыз ету үшін арқандарды таңдау және есептеудің маңызы зор.

Бұрғылау қондырғыларында түрлері шектеулі, яғни құрылымы бойынша тек дөңгелек өрімді арқан ғана пайдаланылады. Алайда мұндай арқандарды әр түрлі құрылымдарда дайындағандықтан, оларды таңдау қиынға түседі. Бұл арқандар құрылымына байланысты үш түрлі топқа бөлінеді: бір тінді, екі тінді және үш тінді. Бір тінді арқан екі тінді арқанның элементі болып табылады және бұл жағдайда тін өрімді құрайды, ал екі тінді арқан үш тінді арқанның элементі. Өрімдердегі сымдар тобы өзекше айналасында спираль бойынша бірнеше концентрленген қабат құрып орналасады. Арқан өрімдері үш типті болып жасалынады: бір жақты бағытты, ЛК типті (7.5, а-сурет) – тіндері бірдей бұрыш жасай, сымдардың қабаттарымен сызықтық жанасатын (линейное касание); барлық қабаттардағы арқан тіндері өрімдері бірдей қадаммен есілген (7.5, б-сурет); арқан өрімдері аралас, қабаттары әртүрлі бағытпен есілген (7.5, в-сурет).

 

7.5-сурет. Болат арқандардың көпқабатты өрімдері:

1 – өзекше; 2 – өрімнің ішкі қабаты; 3 – сыртқы қабаты;

 

Екінші және үшінші жағдайда қабаттардағы сымдар айқышталынып, оларда нүктелік жанасу (ТК типті) пайда болады. Өрімдер бір қалыңдықпен әр түрлі сандардағы (1 + 6 + 12 + 18=37) бір өзекшенің айналасындағы сымдармен (7.6, а сурет); әр түрлі жуандықтағы δ1 және δ2 сымдарымен және әр қабатта – ЛК типі бірдей сандармен (1 + 9 + 9 = 19) (7.6, б сурет); екі жуандықтағы сымдармен 1 + (6 + 6) + 12 = 25 (7.6, в-сурет) қиманы толтыру үшін аралық қабатпен; әр түрлі жуандықтағы сымдармен 1 + (6 + 6) + 12 = 25 сыртқы қабатпен (7.6, г-сурет) жасалынып, дайындалынады.

 

 

7.6-сурет. Арқан өрімдерінің құрылымы

 

Екі өрімді (свивкалы) болат арқандарда өрім топтары органикалық және металл өзекшенің айналасында спираль түрінде орналасады. Ауыр жүктелген тәл жүйесі үшін, металл өзекшелі жеті өрімді, әрқайсысында жеті сым орналасқан арқанды таңдаған дұрыс. Мұндай тәл арқандары қажетті иілгіштікті және өзгерілмелі қаттылықты қамтамасыз етеді.

КТО-лар саны көп емес терең емес ұңғыларды бұрғылау үшін, конструкциясы қарапайым органикалық өзекшелі арқандарды таңдаған жөн. КТО-лар саны көп терең ұңғыларды бұрғылау үшін, арқандарды таңдаған кезде: олардың үзілуге беріктігі жоғарылығына, жақсы иілгіштігіне және сыртқы сымдар тозуына қарсылығы жоғарылығына, жылжымалы қимасының формасын жақсы сақтауына, сымдардың үзілу мүмкіндіктері аздығына назар аудару керек. Мұндай шарттарға металл өзекшелі арқандар жауап береді, оладың сыртқы қабаттары үлкен диаметрдегі, ал ішкі қабаттары жіңішке сымдардан жасалған.

7.7-суретте тәл жүйелерінде қолданылатын арқандар көрсетілген: сымдары нүктелік жанасуымен және органикалық өзекшелі 2 (ТК-О 6х1+18=114 тінді, 7.7, а-сурет) қарапайым құрылымды өрім 1; сымдардың сызықтық жанасуымен және органикалық бір өзекшелі 2 (ЛК-О 6х1+9+9=114 тінді, 7.7, б- сурет) өрім; тура алдыңғыдай тек өзекшесі металды 3 (тип 7х7=49 тінді) және әр түрлі өрімді 1 әр түрлі қалыңдықтағы сымдармен (ЛК 6х26=156+1 м.с. тінді, 7.7, в-сурет) өрілген; ауыр шегендеуші құбырларын түсіретін кезде қолданылатын, жоғары беріктікті қажет ететін ал иілгіш және тозуы маңызды емес кезде қолданылатын аралық қабаттағы әр түрлі қалыңдықтағы сымдардан өрілген өрімдер 1 мен металл өзекшеден 4 тұратын арқандар көрсетілген (ЛК-РО 6х1+6+(6+6)+12х6=186, 7.7, г-сурет).

 

 

7.7-сурет. Тәл арқандарының конструкциясы

 

Арқандардың беріктігіRc – арқандардың шартты берiктiгi - арқандағы барлық сымдардың жиынтығының үзілу күшіне тең. Егер есептеулерде жиынтықты үзетін күш белгiсiз болса, оны формула көмегімен сымның номиналды уақытша кедергiсі бойынша анықтайды.

Rc = σвF, (7.12)

 

мұнда, Rc – арқан сымдары көтеретін шектік жүктеме, Н;

Ғ - барлық сымдар қимасының жиынтық ауданы, м2;

σв – сымның уақытша қарсыласуы, Па.

Rс -арқанды үзетін күш деп, оның бұзылуы басталатын күшті атайды. Бұл арқанның жалпы нақты берiктiгі. Арқанның үзілу күші, оны құрайтын сымдардың жиынтық беріктігінен әрдайым аз.

Арқандардың ұзақжарамдылықтарыЦиклдық жүктеменің және шкивтердің, шығыр барабанының иінді жерлерінің әсерінен арқан тез тозып, істен шығады. Тәжірибе көрсеткендей, арқандар бір қадам өрім бойындағы сымдардың белгілі шамадағы үзіктер санынан ары қарай жұмыс жасауға жарамсыз. Мұндай арқандарды ары қарай қолданғаннан, үзілу саны тез арада көбейеді және салыстырмалы аздаған уақыт ішінде арқан толығымен жарамсыз болып қалады, бұл апаттық жағдайларға әкеліп соқтырады. Тәл арқандарының ұзақ жарамдылықтары сымдардың тозған үзілулерімен және үйкеліс кезіндегі қажалумен шектеледі. Созылу және ауыспалы кернеу әсер еткенде, арқанның тәл жүйесіндегі жүрісі және барабанға оралудағы иілуі, айналу кезінде тез суып кетуі мен үйкелуінен пайда болатын үлкен морттық жағдайдан сымдар бүлінеді. Бұл факторлар арқан өрімінің қадам ұзындығындағы үзілген сымдар санымен анықталады.

Шкивтер ойығына, барабанға үйкелгенде, арқанды ұзартудағы қозғалыс пен деформация кезінде арқанның сыртқы қабат сымдары тозады, ал ішкі қабат сымдары бір өрімнің екіншісіне үйкелісі кезінде және сымдардың иілген кезінде тозады. Бұл тозуды арқан диаметрінің кішірейуінен байқаймыз, ол 10%-дан аспауы керек.

Арқан сымдарының жұмыс мерзімін арқанды дайындау сапасымен; бұрғылау қондырғысындағы жұмыс шарттарымен; құрылымымен; арқанға тиесілі жүктемеге өлшемдерінің сай келуімен; шкивтер диаметрімен; шығыр барабаны диаметрі және оның науалары өлшемдерімен; барабанға оралу қабатының санымен; шкивтер арқылы өтетін кездегі майысулардың бағытымен; арқанды дұрыс пайдалану, жабдықтаумен; арқанды дұрыс сапалы майлау факторларымен анықтайды. Жұмыс нәтижелеріне және сынақтық тәжірибеге сүйене отырып, арқанның жұмыс істеу мерзіміне әр түрлі құрылымдық факторлардың әсер ететіндігі белгілі болған.

Арқан диаметрiне шкив диаметрi қатынасының үлкеюі және иілу кернеуінің азаюы арқанның жұмыс жасауының ұзақжарамдылығын арттырады. Орнатылған пайдалану шарттарында Dш/d-қатынасы және сымның жуандығы d арасындағы тиімді байланыстылықта арқанның жұмыс жарамдылығы шектік мәнге ие болады.

Өрімдеріндегі сымдары сызықтық жанасатын арқандар белгілі бір кернеу мөлшерінде және Dш/d-қатынасындағы қарапайым ЛК-РО 6х25 тәрізді арқандар ЛК-РО 6х37 тәрізді үлкен иілгіштікке ие және құрылымы жағынан күрделірек арқандардан ұзағырақ қолданысқа ие. Ол былай түсіндіріледі: соңғы жағдайда айқас орналасқан сымдардың жапсарлас жіктерінің қиылысу нүктелерінде қосымша кернеулер пайда болады және ол жұқа сымдардың жылдамырақ мыжылуы мен үзілуіне әкеледі.

Шкивтер ойығы профилінің өлшемдері, барабан мен шкивтер материалы, арқан мен ойық арасындағы меншікті қысым арқанның ұзақ жұмыс жарамдылығына үлкен әсерін тигізеді, сондықтан ойық профилі арқан диаметрімен нақ сәйкес келуі керек.

Тәл арқандарын пайдалану кезінде олар қосымша майлауды қажет етпейді, себебі арқанды құрылымдау кезіндегі майлануы, оның барлық жұмыс жасау кезіне жеткілікті. Тәл арқандарының ұзақмерзімділігін арнайы молибден қосылған майлармен майлау біршама ұзартады.

Госгортехнадзор ережелеріне сай тәл арқандары келесі жағдайларда пайдалануға жарамсыз болып табылады: арқанның бір өрімінің үзілуі; үзілген сымдар барлық арқандағы сымдардың 10% -нан артық болуы; өрімнің біреуінің арқан өзегінің үзілуі кезіндегі қысылуы; арқан диаметрінің жіңішкеруі немесе жалпаюы; арқанның тозуы және арқан сымдарының 40% немесе одан да көп бөлігінің (сымның басындағы диаметріне қатысты) коррозияға ұшырауы;

КТО және бұрғылау процессі белгілі бір арқанмен орындалған кезде, тәл жүйесі арқанын үлкен жүктемемен әсер етіп, сынақ бойынша беріктікке есептейді.

Тәл арқандарын беріктікке есептеу. Өске әртүрлі бұрышпен орналасқан, арқандағы сымдардың қиын шиеленісу арқасында, сымдар арасында үйкеліс тудыратын қысым күштері, және арқанның шиеленісу күйін қиындататын қосымша жанама күштеме пайда болады.

Госгортехнадзор ережесі мүмкін күштемесі бойынша арқанды есепетеуді регламенттейді:

Рдоп=RД/SB (7.13)

 

мұнда, Rд –арқанның толықтай бұзылу жүктемесі, Н;

Sв –машина түріне байланысты арқанның беріктігінің статикалық қор коэффициенті.

Шкивтерде қозғалып келе жатқан арқанның үзіліп кету қаупін зерттеу кезінде, нақты немесе динамикалық бұзу жүктемесі статикалық жүктеме кезіндегі арқанның толықтай бұзылу жүктемесінен айтарлықтай төмен. Статикалық шиеленісу кезінде сымдармен өрімдер арасындағы үйкелісу және радиалды сығылатын жүктеме пайда болады да, арқанды монолитты денеге жақындатады, ол сосын бір бүтін сияқты бұзылады.

Арқанның көлденең қимасының формасы өзгереді, бөлек сымдар арасындағы тіркестік күштер төмендейді, ол арқан беріктігін төмендетеді.

Арқанның жұмысқабілеттілігін есептеу.Арқанның қызмет ету мерзімін нақты есептеу әдісі жоқ. Бұрғылау тәжірибесінде және КТО-да арқанмен жүргізілетін жұмыс мөлшері бойынша олардың қызмет ету мерзімін бағалау әдісін қоданады. Бұл әдісті тәл жүйесінің арқанын таңдаған кезде және оның қолданылуына бағдарлама құру үшін қолдануға болады. Әдіс арқан жұмысына салыстырмалы баға беруге немесе қолданыс жағдайында оның жұмысын есептеуге және арқанның нақты тозуымен сәйкес құрастырылған бағдарламаны түзетуге мүмкіндік береді.

Бұрғылау уақыты кезінде тәл жүйесінің арқанымен жүргізілетін A барлық жұмысын оның жұмысқабілеттілігімен Ак салыстырады; содан кейін қайтадан түсіру бағдарламасын және тәл жүйесі арқанының бөлігін кесуді құрайды немесе ұңғыны бұрғылауға қажетті арқан ұзындығын табады.

Арқанның жалпы жұмысқабілеттілігі Ак-бұл үш шаманың қосындысы: жұмыс қабілеттілігінің қоры- арқанның Ак1 бірінші қиылуға дейінгі ресурсы, оның келесі қиылу Ак2 кезіндегі жұмыс қабілеттілік қоры және арқанның қор ретіндегі ұзындығы қолданылып қойылғаннан кейінгі тәл жүйесінде қалған арқанның жұмыс қабілеттілік қоры:

 

Акк1к2к3 (7.14)

 

Ак1 -бірінші қиылуға дейінгі арқан жұмысы, Дж,

 

Ак1=А0l0kckTkш (7.15)

 

мұнда, А0 –1м арқанның жұмыс қабілеттілігінің базалық немесе номинал ресурсы, Дж;

l0 – арқанның қиылатын бөлігінің ұзындығы, м;

kс, kт және kш-коэффициенттер.

Беріктік қоры коэффициенті Sв=5 және Dш/δ=600 (шетелдік фирмалардың берілгендері бойынша) арқан диаметріне d байланысты кезінде тәл арқандарының жұмыс қабілеттілік А0 ресурс мәндері төменде келтірілген.

d, мм................. 25,5 28,5 32 35 38

A0 , МДж/м....... 620–650 750–770 960 150 1350

l0 мәнін бұрғылау, арқан құрылымы мен тәл жүйесінің жағдайына байланысты қолданыс тәжірибесі негізінде таңдайды. Сонымен қатар l0 шамасын l0=(0,6÷0,7)В қатынасынан тұспалдық түрде анықтайды, мұнда В-кронблоктан бұрғылау еденіне дейінгі арақашықтық. Яғни l0-ұзындық, шамамен тәл жүйесінің бір арқан тармағының ұзындығына тең. Арқанның қиылатын бөлігінің ұзындығы шығыр барабанының бірінші қабатындағы арқан ұзындығынан аспауы керек.

Түзетуші коэффициент kт бұрғылау тізбегінің салмағына байланысты статикалық беріктік қор коэффициентін Sв нақты түрде есептейді.

kт коэффициенті көтеріп –түсіру коэффициенті болып есептеледі және бұрғыланатын тау жыныстарына байланысты болады.

Тау жыныстары жеңіл бұрғыланатын, орташа бұрғыланатын, қиын бұрғыланатын, өте қиын бұрғыланатын болуына сәйкес коэффициент кт -1; 0,9; 0,8; 0,7 мәндеріне ие болады.

kш коэффициенті шкив диаметрінің Dш, арқанның сыртқы қабаты қалыңдығына δ қатынасын есептейді.

Dш/δ .............................. 500 600 700

Kш................................... 0,7 1,0 1,2

Жоғарыда келтірілген мәндерді бұрғылау тізбектерін көтеріп түсіру операциясы кезінде, тәл жүйесінде орындалатын жұмысты болжамдап есептеу кезінде қолданады. Бұнда түсіру кезінде ілмекке түсетін жүктеме көтерер кездегі түсетін жүктемеге теңестіріліп қаралады.

Бос элеватордың көтеріп-түсіру кезіндегі жұмысы, Дж,

 

Аэ =2Gт.ж. hNц.с. (7.16)

 

мұнда, Gт.ж.- тәл жүйесінің қозғалмалы бөлігінің салмағы, Н;

һ-ілмектің жүріс ұзындығы, м;

Nц.с. = Nут + Nб.к = 2zε/l - жүктелмеген элеваторды көтеру кезіндегі жүктеме циклының саны; zε- АБТ және көтерілетін құбырлардың жалпы ұзындығы.

АБТ ұзындығына тең тереңдікке бұрғылауда АБТ түсіру кезіндегі жұмысты (Дж) шамамен мына формуламен анықтайды

 

AАБТ=(G АБТ. + SАБТ GСВ.АБТ)hNАБТ (7.17)

 

мұнда, SАБТ- түсірілетін АБТ свечалар саны;

GСВ. АБТ.- АБТ свечасының салмағы, Н;

N АБТ- ауыр АБТ тізбегін көтеріп –түсіру циклының саны.

Бұрғылау тізбектерін көтеріп-түсіру кезіндегі орындалатын жұмыс, Дж,

 

Aб.т. = [(GБ.СВ. + GСВ. АБТ)NБ.Т. + GБ.Т.(N1 +2N2+3N3+ …+Ni)]h

(7.18)

 

мұнда, NБ.Т.- бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру кезіндегі циклдар саны;

GБ.СВ. –бұрғылау құбыры свечасының салмағы, Н;

N1, N2,..., Nі – бір сатыдағы атқарым, яғни бір, екі, үш және т.с.с свечалы тізбек кезінде жүктеме циклының саны.

Белгілі бұрғылау тізбегінің жалпы салмағы GТ.Ж. Gут, Ркс тең, және бұрғылау құбырының салмағында Gбт КТО кезінде жұмысты шамамен анықтауға болады:

 

A=(Gnc+Gen+G,n|2)hN,r (7.19)

 

7.4. Кронблоктар және тәл блоктары

Кронблок және тәл блогы тәл жүйесінің арқандары өтетін еркін айналатын шкивтердің қозғалмайтын және қозғалатын топтарын орналастыру үшін пайдаланылады. Кронблок пен тәл блогының құрылымына тоқталсақ, еркін айналатын шкивтер топтары өстегі мойынтіректерде орналастырылып, тұрқыда бекітілген. Өстердің саны және олардың бекітілуі бойынша кронблоктар мен тәл блоктары екі түрлі болады – бір өсті және көп өсті. Бір өсті құрылымдарда, барлық блоктар бір немесе бірнеше қозғалмалы өстес өстерде орналасады, ал мойынтірек шкивтер күпшегінде орналасады; көп өсті құрылымда өстер өстес емес және негіздегі тұрқыда орналасқан мойынтіректердегі шкивтермен бірге айналатын етіп жасалынады.

7.8 а, в, және г-суреттерінде бір өстінің, ал 7.8 б-суретінде көп өсті кронблок пен тәл блоктарының сұлбалары көрсетілген. Бір өсті құрылымдар артықшылығы, аз өлшемдер мен салмақтарға ие.

Бір өсті кронблок пен тәл блоктары өстерінің құрылымдары мен тіреулеріне байланысты: үштіректі (7.8, а-сурет), екітіректі (7.8, в-сурет), көптіректі (7.8, г-сурет) болып келеді.

Кронблок пен тәл блогының өстері жүктелген белдік түрінде болады. Сондықтан қандай да бір құрылымдық шешімді таңдау кезінде өстің қажетті мықтылығымен бірге мойынтіректердің ұзақжарамдылығын қамтамасыз етуге ұмтылу керек.



Дата добавления: 2020-10-25; просмотров: 369;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.034 сек.