ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТАР

Бұл клиникалық тәжірбиеде қолданатын ең маңызды препарттар тобы болып есептеледі.

Гормондардың екі тобы ажыратылады :

1. Минералокортикоидті гормондар (натрийді ұстаушы әсері бар кортикостероидтар): а) альдостерон; б) 11-дезоксикортикостерон.

2. Глюкокортикоидты гормондар (бауырдағы гликогеннің жинақталуына әсер етеін кортикостероидтар ) : а) кортизол (гидрокортизон); б) кортизон; в) 11-дезоксикортизол; г) 11-дегидрокортикостерон.

Бұлардан басқа жыныс гормондары ажыратылады:

- андростерон;

- андростендиол;

- эстрон және прогестерон.

Бұл гормондар табиғи болып есептеледі. Қазіргі таңда осы гормондардың анологтары болатын фармакологиялық препараттар синтезделген.

ТАБИҒИ ГОРМОНДАР ПРЕПАРАТТАРЫ - ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР

Айтып кету қажет жайыт табиғи глюкокортикоидтардың аналогтары болатын - синтетикалық препараттар аздаған минералокортикоидті белсенділігі бар (натрий иондарының, судың жинақталуы, калий және кальций иондарының шығарылуы). Соңғы уақытта тек қана глюкокортикоидты белсенділігі бар синтетикалық гормональді препараттар анықталған :

1) преднизон, преднизолон, метилпреднизолон, мазипредон;

2) дексаметазон (ревматизмде белсенді);

3) триамцинолон;

4) беклометазон (бекотид), флунизолид (ингакорт);

5) бетаметазон;

6) флуметазон, флукортолон, флуоцинолон.

7) будесонид және т.б.

Жаңа препараттар толық минералокортикоидті белсенділіктен айырылған. Синтетикалық заттардың фармакологиялық әсерлері физиологиялыққа жақын. Барлық глюкокортикоидтардың фармакологиялық әсерлерінің бағыты бірдей. Глюкокортикоидтар ағзаның бейімделігін, резистенттілігін жоғарлатып стресске жауап ретінде шығарылады. Сондықтан глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түрлеріне көптүрлі немесе әртүрлі әсерін тигізеді: ақуыз, көмірсу, майлар.

 

I. Глюкокортикоидтардың көмір су алмасуына әсері :

l перифериялық тіндерде, мысалы бұлшықеттерде амин қышқылынан ақ уыздың түзілуі төмендейді (антиметаболиттік әсері), қанда амин қышқылдырының көлемі бір шама жоғарлайды;

l бауырда амин қышқылдарынан глюкозаның өндірілуі жоғарлайды (глюконеогенез), бауыр мен бүйректегі ақуыздың өндірулуі азайады;

l қанда глюкозаның сіңірлуі, қорытылуы және ыдырауы төмендейді (гипергликемия), АІЖ көмір сулар резорбциясы төмендейді.

II.Глюкокортикоидтардың ақ уыз алмасуына әсері :

-глюкокортикоидтар тіндерден амин қышқылдарының шығарлуын күшейтеді, соның ішінде қаңқа бұлшықеттерінен және сүйектердегі ақ уыздардың өндірілуін төмендетеді (остеопороз).

 

III. Глюкокортикоидтардың майлар алмасуына әсері :

l Глюкокортикоидтар майлардың қордан шығарлуына «шешуші» ролін атқарады. Гормондарды ұзақ қолданғанда майлардың дұрыс таралмауы байқалады.

l Бір тіндерде липолиз процессінің күшейуі байқалады (аяқ-қол), мұнда қан плазмасында бос май қышқылдарының саны жоғарлайды

l Басқа тіндерде липогенез процестері күшейеді (кеуденің жоғарға бөлігінде, бетте - «ай тәрізді бет», мойында - «буйзол бүкірі»). Қанда гиперхолестеринемия пайда болады.

IV.Глюкокортикоидтардың тұз-су алмасуына әсері :

- Табиғи және бірінші синтетикалық глюкокортикоидтардың әлсіз натрий-ұстағыш, сонымен қатар кальций- және калий- шығарғыш әсерлері бар. Сондықтан науқасқа жоғары мөлшерде (300 мг/тәу астам) тағайындағанда натридің ұстап (жиналуы) қалуы байқалады. Шынайы глюкокортикоидтардың жаңа синтетикалық аналогтарында бұндай белсендік жоқ, керісінше натрий ионының зәрмен шығарылуына (жоғалуына) әкеледі.

Глюкокортикоидтардың (ГК) қабынуға әсері

l ГК лизосомалар мен жасуша мембранасын тұрақтандырады (мембранотұрақтандырушы әсері), осының салдарынан тіндердің зақымдалуының нәтежесінде болатын ферменттердің шығарылуы шектеледі

l ГК эндогеннді фосфолипазы А-2 белсенділігін жойып, сонымен қатар оның ингибиторы – липомодулиннің синтезін күшейтеді. Фосфолипаза А-2 жасуша мембранасының фосфолипидтерінен арахидон қышқылының мобилизациясына және қабыну процессінде ең басты роль атқаратын осы қышқылдың метоболиттерінің түзілуіне әкеледі (простагландиндер және лейкотриендер).

l ГК тамыр қабырға өткізгіштігін төмендететін тін аралық заттың – гиалурон қышқылының синтезін жоғарлатады. Экссудацияның азаюын гистамин секрециясының төмендеуімен, сонымен қатар адренорецепторлардың катехоламиндерге (адреналин) сезімталдығының өзгеруімен байланыстырады. Тамырлар тонусы жоғарлайды, ал өткізгіштігі төмендейді.

l Глюкокортикоидтардың пролиферацияны тежеуі ақ уыз синтезінің төмендеумен және тіндерге лейкоциттердің аз келуімен байланысты. Хемотаксистің,спонтанды миграцияның шектелуі болады.

l Сонымен, кортикостероидтар қабынудың себебіне әсер етпейді, сондықтан олардың қабынуға қарсы белсенділіктері спецификалық емес және бұл жүйелі және жергілікті қолданғанда байқалады. Мұнда ГК қабынудың 3 фазасында тежейді (альтерация, экссудация, пролиферация).

Глюкокортикоидтардың аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері

l ГК абсолютті және салыстырмалы Т-лимфоцитопенияны шақырып,яғни жасушалық иммунитетті тежейді.

l ГК баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциясын төмендету нәтежесінде, трансплантанттың түсу процессін тежейді.

l Бұл топтағы гормондар В-лимфоциттер антиденесініңң өнімін, сонымен қатар иммунды комплекстердің түзілуін өзгертпейді.

l ГК фагоциттерді және микрофагтар мен макрофагтардың қорыту қызметін тежейді.

l ГК адренорецепторлардың катехоламиндерге сезімталдығын жоғарлатады (пермиссивті әсері).

ГК иммунодепрессивті әсерінің, иммунды жауаптың әртүрлі кезеңіне әсер ету салдарына байланысты, ағзаның әртүрлі бактериальды, вирусты, саңырауқұлақты және құртты инфекцияларды жұқтыру ықтималдығының жоғарлауына әкеледі.

Глюкокортикоидтардың қан жүйесіне әсері:

l Глюкокортикоидты гормондар жалпы лейкоцитоз барысында лимфоидті тіндердің жылдам лизисіне (ыдырауына) және лимфопенияға алып келеді. Эозинофилдер санының азаюы байқалады.

l Глюкокортикоидтар тромбоциттер мен эритроциттер деңгейінің жоғарлауына ықпалын тигізеді.

Глюкокортикоидті препараттардың қолдану көрсеткіштері:

1. Алмастырушы терапия ретінде: минералокортикоидтармен қосса бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде (Аддисон ауруы кезінде).

2. Қабынуға қарсытерапияда:

- коллагеноздарда (тіндердің диффузды ауруларында соединительной ткани, мысалы, ревматизм, ревматоидты артрит, Бехтерев ауруынды, жүйелі қызыл жиегінде);

- гломерулонефриттің ауыр түрлерінде;

- гепатиттердің ауыр түрлерінде;

- қабынулы этиологиясы бар көз ауруларында(интерстициалді кератит, конъюктивиттер, ириттер, иридоциклиттер, симпатикалық офтальмия және т.б.);

- тері аурулары кезінделеваниях кожи (қабынулы дерматоздар, экземалар, псориаз және т.б.).

Глюкокортикоидтар препарататарының терапиялық тәсілі

Емдеу мерзіміне байланысты ГК терапияның екі түрі ажыратылады:

Қысқыуақытты (интенсивті) глюкокортикостероидті терапия. Препараттар бір рет немесе бірнеше тәулік бойы енгізіледі. ГК жедел қажеттілік кезінде қолданылуы оларды жәй препараттар ретінде қарастыруға болады.

Ұзақ (қолдайтын) глюкокортикостероидті терапия. Терапияның бұл түрі аурудың жеделше және созылмалы ағымынында, созылмалы патологиялардың қайта өршулерінде қолданылады. ГК ұзақ қолдану тек қана патологиялардың ауыр жағдайларында ғана қолдау тапқан. Дәрілік заттардың түймедақ түрлері тағайындалғанда олардың хронобиологиялық ерекшеліктерімен заңдылықтары ескерілуі тиіс.

Бүйрек үсті безі жұмысының тежелу қауіпін және ағзаның инфекцияға спецификалық емес тұрақтылығын төмендету үшін препараттарды арасында бір күн салып тағайындауға тырысу қажет.

Егер енгізу әдісінің бұл тәсілі жарамаса, онда бір тәулік мөлшерді бірден таңертең тағайындау қажет.

ГЛЮКОКОРТИКОИДТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛУДАН АЛЫП ТАСТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Преднизолонды бір апта бойы 10 мг мөлшерінде қолдану 1-2 күнге созылатын бүйрек үсті безі қызметінің жеткіліксіздігіне алып келеді, ал 5 мг мөлшерін ұзақ айлар бойы қолданған науқастардың жартысында бүйрек үсті безінің атрофиясына алып келеді.

Тәуліктік мөлшерді төмендеткенде бұл препараттардың қандай мөлшері эндогенді гормондарды алмастырушы әсер беретінін ескеру қажет (мысалы, преднизолонда) 10 мг жоғары мөлшерлер. Сондықтан преднизолон мөлшерін 10-15 мг/тәулігіне тез түсіруге болады. Бірақта кейінгі кезде жайлап, 5-7 күн аралығында 2, 5-5 мг жоғары болмауы тиіс.

Егер ұзақ глюкокортикостероидті терапияны қабылдаған кейін жарты жылдан соң стресс жағдайлары туындаса немесе инфекционды аурулармен ауырса онда қайтадан гормональді препараттарды тағайындау қажет.

Хиругиялық операциялар алдында (тісті жұлу, эндоскопиялық зерттеулер) науқасқа операция алдында бір сағат бұрын преднизолонның 25-30 мг беріп, тәулік ішінде әр 6 сағат сайын қайталап беріп тұру қажет.

Глюкокортикостероиды терапияның кері әсерлері мен асқынулары

l Гипергликемиялық көрініс («стероидты диабет»)

l Ақ уыз синтезі төмендейді және келесі көріністермен байқалады (көрінеді)

- Бұлшық ет ауруларарымен, бұлшық еттердің жоғарғы шаршашағыштығымен;

- остеопорозбен;

- жаралардың жазуларының төмендеумен (тоқтауымен);

- тератогенді әсерімен;

- балалардың даму қабілеті мен бойларының қалыс қалуы ( ГК алты ай және одан да көп уақыт ( ұзақ) бойы қабылдағанда);

- сіңірулердің төмендеумен (асқазанның шырышты қабаты зақымдалу салдарынан) кальций және фосфор иондарының сіңірулері төмендеуі балаларда рахит ауруын шақырады;

- ішектің шырышты қабатында ойықтардың қайталануы немесе жаңалардың пайда болуымен (пролиферация процессінің төмендеуінен);

- көз жанарының бұлыңғырлануы және катарактаның пайда болуымен.

Әсіресе ГК-ы баларда көп уақыт қолданғанда;

l балаларда жоғары ашуланшықтықтың пайда болуымен;

l АҚ жоғарлауы, әсіресе жасөспірімдер ағзаларында тұздар мен сұйықтықтардың жиналуымен;

l Майлардың дұрыс таралмаумен («ай тәрізді бет», «буйвол бүкірі»);

l Иммунитеттің төмендеумен, тұмау ауруларының қайталануымен көрінетін иммунодепрессивті әсерімен.

l Жою синдромының дамуымен,әсіресе препараты тез арада алып тастағанда (бүйрек үстілік жетіспеушілік). Сондықтан, глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда, мөлшерін өте жай түсіру қажет.

Глюкокортикоидтарды тағайындаудағы кері көрсеткіштері:

l Қантты диабет

L Остеопороз

l Жүктілік

L Жара аурулары

l Жаралық процесстер болса

l Гипертониялық ауру

L Эпилепсия

Қазіргі таңда асқынулардың алдын-алу үшін жергілікті қолданатын дәрілік түрлер шығарылған. Мысалы фирмалармен шығарылатын "Гедеон Рихтер" (Венгрия) майлар : апулеин (будесонид), ауробин, дермозолон, деперзолон (мазипредон), гидрокортизон, преднизолон, фторокорт (триамцинолон), микозолон; көз тамшылары : преднизолон; көз майлары : гидрокортизон және т.б.

Сондай-ақ комбинирленген майлар қолдануда, құрамында тек қана глюкокортикоидтар ғана емес, антисептикалық әсері бар заттар (мысалы "Ауробин"); антифунгальді және антимикробты әсер ететін ("Микозолон" и "Дермозолон") және т.б.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Порядок производства по уголовным делам в отношении отдельных категорий лиц | Ущерб, причиняемый эрозией почв народному хозяйству и окружающей среде

Дата добавления: 2019-12-09; просмотров: 1679;


Поиск по сайту:

Воспользовавшись поиском можно найти нужную информацию на сайте.

Поделитесь с друзьями:

Считаете данную информацию полезной, тогда расскажите друзьям в соц. сетях.
Poznayka.org - Познайка.Орг - 2016-2024 год. Материал предоставляется для ознакомительных и учебных целей.
Генерация страницы за: 0.018 сек.